Covid-19 вирусын жұқтырған жүкті әйел өмірге дені сау бала әкелді

17 Сәуір 2020, 12:15
1722
Бөлісу:
Covid-19 вирусын жұқтырған жүкті әйел өмірге дені сау бала әкелді

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласында Covid-19 вирусын жұқтырған жүкті әйел дені сау бала туды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Басқарма мәліметінше, 13 сәуірде әйел жүктіліктің 39-шы аптасында вирус жұқтырған адаммен байланыста болған адам ретінде №1 Қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілген. 
Одан коронавирусқа қарсы талдаулар алынып, оң нәтиже берген болатын. 15 сәуірде дәрігерлер талдау көрсеткіштері бойынша оған кесар операциясын жасап, босандырды. Нәтижесінде салмағы 3,5 килограмнан асатын бала дүниеге келді. Бұл пациенттің екінші босануы,-делінген хабарламада.
Дегенмен өмірге келген нәрестенің қанынан қауіпті індет табылмаған.
Жаңа туған нәрестеден де бірден адынған талдаулар теріс нәтиже көрсетті. Жаңа туған нәрестенің дені сау. Қазір ол балалар бөлімшесінде жатыр,– деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Қазір анасының жай-күйі – қанағаттанарлық, ол жақын арада емдеуді жалғастыру үшін инфекциялық стационарға ауыстырылады.
Пациент Covid-19-дан сауығып жазылғаннан кейін ұлымен бірге болады.



Өзгелердің жаңалығы