Елімізге Оңтүстік Кореядан 1000 дана медициналық тест әкелінді

17 Сәуір 2020, 23:14
1288
Бөлісу:
Елімізге Оңтүстік Кореядан 1000 дана медициналық тест әкелінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Корея COVID-19 анықтауға арналған ПТР-тестер партиясын жеткізді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның Сеулдегі Елшілігінің қолдауымен Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Medical Partner Korea медициналық клиникасынан COVID-19 індетін анықтайтын 1000 дана медициналық тестін сыйға алды. Осыған дейін де Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күрес аясында Оңтүстік Корея елімізге түрлі медициналық қорғаныс құралдарын жолдаған болатын.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі достас Оңтүстік Кореяға осындай күрделі кезеңде бүкіл адамзатқа көрсеткен мейірімді іс-әрекетіне алғыс білдіреді.

Өзгелердің жаңалығы