Ұшақ апаты. МиГ-31 ұшақтары ұшуын тоқтатты

17 Сәуір 2020, 12:52
2875
Бөлісу:
Ұшақ апаты. МиГ-31 ұшақтары ұшуын тоқтатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР қарулы күштері  әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Нұрлан Орманбетов МиГ-31 ұшағының құлауына байланысты мәлімдеме жасады.

16 сәуірде шамамен сағат 19:03-те әскери дайындық кезінде еліміздің қорғаныс министрлігіне тиесілі МиГ-31 ұшағы Қарағанды облысының Тоғызқұдық ауылдық округінің аумағына құлап түскен еді. 
Ұшақ аспанға көтерілгенде бір моторында өрт шыққан. Ұшақ бортында екі ұшқыш болған. Екеуі де тірі. Олар тұрғындарға қауіп төнбейтін далаға ұшақты құлатып, өздері ұшақтан секіріп түскен. Апатқа ұшыраған МиГ-31 жойғыш ұшағын тәжірбиелі ұшқыштар подполковник А. Құрманғалиев пен подполковник И. Гаврилконың басқарды. Арман Құрманғалиевтің жалпы ұшу уақыты 888 сағат болса, ал Иван Гаврилконыкі -1161 сағатты құрайды, - дейді Орманбетов.

Оның айтуынша, апат болған жерге бірінші болып "Қазспас" іздеу-құтқару қызметінің тікұшағы және Қазақстан әскери-әуе күштерінің жердегі іздестіру-құтқару қызметі бірінші болып келген.
Ұшқыштарға оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, олар Қарағанды қаласының ауруханасына жеткізілді. Қазіргі кезде ұшқыштарға қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Дәрігерлер біреуінің жағдайын қанағаттанарлық, екіншісінің жағдайы орташа ауыр деп бағалап отыр, - дейді әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы.
Оның айтуынша, қорғаныс министрінің аталған авиациялық оқиғаны зерттеу бойынша комиссиясы құрылды.
Бұл оқиғадан кейін кеше әуе күштерінің қолбасшысы екеуміз құлаған жерде болдық. МиГ-31 ұшағының Қазақстандағы рейстері апат себептері анықталғанша тоқтатылды. Комиссия қорытындысын шығарып, алдын-алу шараларын өткізгеннен кейін әуе кемелері қалпына келтіріледі. Оқиғаның ақ-қарасын анықтауға ұшақты құрастырған кәсіпорынның мамандары тартылады, - дейді Нұрлан Орманбетов.



Өзгелердің жаңалығы