"Қандыағаш – Мақат" тасжолының жартысы пайдалануға беріледі

17 Сәуір 2020, 21:31
2160
Бөлісу:
"Қандыағаш – Мақат" тасжолының жартысы пайдалануға беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қандыағаш – Мақат" (160-504 км) ауқымды жобасы инфрақұрылымды дамытудың "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асырылуда.

Жоба 7 учаскеге бөлінген. Жолдың жалпы ұзындығы 299 шақырым. Жобаның бас мердігерлері - "Todini", "Shanghai", "Ант", "Ақжол"  және "СПИК Аккорд" компаниялары.

Жоба іске асырыла бастағаннан бері жер төсемінің 3909,8 мың текше метрі төгілді. 144,7 шақырымда төсеме қабат, 125,4 шақырымда жол негіздемесінің төменгі қабаты, 108,8 шақырымда жол негіздемесінің жоғарғы қабаты және 99,7 шақырымда жол төсемінің төменгі қабаты жатқызылды. Бұдан бөлек, жолшылар 68 су өткізу құбырын монтаждады.

Компаниялар биылғы құрылыс маусымына қиыршық тастың 450,63 мың текше метрін, темір-бетонды бұйымдардың 2,36 мың текше метрін, битумның 2,31 мың тоннасын дайындаған.

2020 жылдың соңына дейін "Қандыағаш – Мақат" тасжолының 154 шақырымында қозғалыс ашылады деп жоспарлануда.

Айта кету керек, қайта жаңарту жұмыстарына 1500 қызметкер жұмылдырылады деп күтілуде. Олардың 1420-ы жергілікті тұрғындар қатарынан тартылмақ.

2021 жылы жоба аясындағы жұмыстар аяқталған соң республикалық маңызға ие "Қандыағаш- Мақат" жолы ІІ техникалық санатқа сәйкестендіріледі.

Еске салайық, Қазақстанда 2020 жылы құрылыс және қайта жаңарту жұмыстарымен автомобиль жолдарының 4 мың шақырымы қамтылса, қозғалыс 2 мыңнан астам шақырым жолда ашылады деп жоспарланып отыр.
Өзгелердің жаңалығы