Кәсіпкерлер жыл соңына дейін мүлік салығынан босатылды

17 Сәуір 2020, 12:40
2442
Бөлісу:
Кәсіпкерлер жыл соңына дейін мүлік салығынан босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде  өткен онлайн-брифинг барысында  ҚР "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров мәлімдеді.


Салықтық жеңілдіктер бойынша Үкіметтің екі қаулысы шықты. Оның негізінде жер көлемі екі мың шаршы метрден астам ірі сауда орталықтары, сауда ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, спорт және денешынықтыру нысандары және туризм, жалпылама тамақтандыру, қонақүй бизнесімен айналысатын кәсіпкерлер осы жылдың 31 желтоқсанына дейін мүлік салығынан босатылған. 
Сонымен қатар, 2020 жылдың 1 қазанынан дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қосымша құн салығы 8 пайызға төмендеді. Жалпы қолданыстағы режиммен жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер де осы жылдың 31 желтоқсанына дейін жеке табыс салығынан босатылған. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын өндірушілер де жыл соңына дейін  жер салығынан босатылған. Барлық салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді төлеу бойынша шағын және орта бизнес субъектілеріне кейінге шегеру шарасы жасалды,-деді ол.

Қазіргі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкіметтің жаңа қаулысы дайындалып жатыр. Ол бойынша еңбекақы төлеу қорына келіп түсетін салықтар мен әлеуметтік төлемдерден де кәсіпкерлер босатылатын болады.
Яғни, кәсіпкерлер жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, зейнетақы қорына және медициналық сақтандыру қорына жіберілетін төлемдерден босатылады. Бұл қаулыда екі ұсыныс бар. Оның бірі шағын және орта бизнес өкілдеріне қатысты болса, екіншісі ірі бизнеске арналған. Шағын және орта бизнеске қатысты айтар болсам, мұнда әлеуметтік төлемдерден босатылатын 29 бағыт, ірі бизнесте 10 бағыт бар,-деді Ербол Өстеміров.

Өзгелердің жаңалығы