Карантин талабы күшейгенмен қаулыға құлақ аспайтындар бар

17 Сәуір 2020, 20:57
1778
Бөлісу:
Карантин талабы күшейгенмен қаулыға құлақ аспайтындар бар

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау қаласы карантинге жабылғалы 29 мыңнан астам көлік қалаға кіріп-шыққан. Олар азық-түлік және тұрмыстық қажетті заттарды тасымалдайтын жүк көліктері екен. Шахарда карантин режимі күшейтіліп, тәртіп сақшыларының да жұмысы еселенді. 

Атырау облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Әлібек Қайыровтың айтуынша бас санитардың қаулысына құлақ аспай, тәртіп сақшыларына бағынбайтын атыраулықтар аз емес.

Карантин ережесі күшейтіліп, қала тұрғындары арасында түсінбеушіліктер көбейіп жатыр. Бүгін қаланы 6 секторға бөліп, 34 бекетте қозғалысты шектеу мақсатында полицейлер жұмыс жасады. Бір күн ішінде 12 әкімшілік хаттама толтырылды. Аймақта патрульді бақылау қызметі күшейтілді. Жедел басқару орталықтары бейнебақылаумен қала тыныштығын күзетіп жатыр. Сонымен қатар полицейлер әскерилермен, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен бірлесіп жұмыстар атқаруда. Қазір Атырау қаласы аумағында 4 блок бекеттері орналасқан. Оларды тәртіп сақшылары, қарулы күштер бақылап тұр. Сондай ақ, Жылыой ауданы Теңіз кенішіне 4 блок бекет орналасты. Одан бөлек облыс аумағында 9 санитарлық бекет орнатылып, ол жерлерде эпидемиологтар кіріп-шыққан көліктердегі адамдардың денсаулығын тексеруде. Атырау қаласында карантин режимінің күшеюіне орай қоғамдық көліктер мен жеке көліктер толықтай тоқтатылды. Рұхсат қағазы барлар ғана қалада таңғы 00.06-дан кешкі 17.00 таңда дейін жүре алады, - дейді Атырау облысы полиция депаратменті жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Әлібек Қайыров.

Төтенше жағдай басталғалы Атырауда 482 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде 140 азаматқа айыппұл салынса, 171 сот қаулысымен қамауға алынған.

Өзгелердің жаңалығы