Коронавирусты емдеуге қандай дәрілер көмектеседі?

17 Сәуір 2020, 20:45
2033
Бөлісу:
Коронавирусты емдеуге қандай дәрілер көмектеседі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. SARS-CoV2 коронавирусы таратқан COVID-19 індетін емдеудің түрлі жолдары ұсынылып жатыр. Жазылып шыққандар көп, бір қарағанда емдеу тәсілі жағымды әсер етіп жатқанға ұқсайды. Бірақ әр елдің ғалымдары науқасты емдеудің әртүрлі жолдарын қолдануда. Ортақ тиімді дәрі жоқ, деп жазады Massaget.kz. 

Бұл ем-домның түрлерін жалпы төрт топқа жинастырып қарастыруға болады. Бірі – Эбола індетін емдеу үшін ойлап табылған ремдесивир препараты болса, екіншісі – безгек ауруын емдеуге қолданылатын хлорохин мен одан өндірілген гидроксихлорохин, үшіншісі – ВИЧ пен СПИД-ке қарсы ритонавир/ лотинавир және бет интерфероны препараттары, төртіншісі – панкреатит ауруларын емдеуге арналған дәрі-дәрмектер. Бұл дәрілерді сынақтан өткізуге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы рұқсат берген.
Эболаның орнына коронавирус
Алғашқы емдеу тәсілін АҚШ дәрігерлері қолдануда. Ғалымдардың айтуынша, Эболаға қарсы дәрі коронавирус жұқтырғандардың 70 пайызының жағдайын жақсартты. Ремдесивер препаратын Қытай мен АҚШ ғалымдары сынақтан өткізіп, ақпан айының аяғынан бастап емге қолдана бастады.

Ремдесивер РНК вирусының өсіп-өршуін тоқтатып, ағзаға таралуына кедергі келтіреді. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, аталған препарат өкпесі қабынған, ауыр жағдайда жатқан, аппаратқа қосылған адамдардың аяқтан тұруына көмегі тиді.

Басында сынақ 53 адамға жасалып, тамырына препарат егілді. Науқастардың 70 пайызы, яғни, 36-сы сауығып шықты. 7 адам қайтыс болды, қалғандарының жағдайы жақсарды. Асқыну болған жоқ.
Улы дәрі
ДДҰ ұсынып отырған ковидті емдеудің екінші жолы – хлорохин препаратын қолдану ғалымдарға күмән туғызып тұр. Француз ғалымдары дәріні сынақтан өткізіп, тек 19 адамды ғана емдеп шыға алды. Бұл жақсы нәтиже емес.

Қытай дәрігерлері хлорохинді антибиотиктермен араластыру коронавирусқа енді шалдыққандарға беруге болады деген пікірде. Ондай науқастардың 40 пайызын сауығып шыққан. 

Ал АҚШ дәрігерлері басқа препараттармен араластырылған хлорохин улы дәріге айналатынын айтады. Хлорохин мен гидроксихлорохинді метформинмен қосып тышқандарға берген кезде олардың 30-40 пайызы қырылып қалған.
ВИЧ-тің орнына коронавирус
Қытай ғалымдарының айтуынша, ВИЧ пен СПИД-ті емдеуге жарамды ритонавир/ лотинавир препараттары коронавирусты емдеуге қауқарлы емес. Сынақ кезінде коронавирус жұқтырып ауыр жағдайда қалғандардың бірде-бірінің денсаулығын жақсарта алмаған. Бірақ коронавирусқа енді шалдыққандарды емдеуге жарап қалуы мүмкін.
Сынақ басталды
Ковидке қарсы тұруға арналған төртінші препарат – панкреатитті емдейтін камостат. Препаратқа дат ғалымдары сынақ жасап жатыр. Сәуір айының басында бастаған.

Орыс және неміс ғалымдары наурыздың басында бұл препаратты сынап көрген болатын. Ол кезде дәрінің коронавирустың жаңа жасушыларды зақымдауына кедергі келтіретіні дәлелденген болатын. Енді Дания ғалымдары оны адамға қолдана бастады. Зерттеу нәтижесін бір айдан кейін белгілі болмақ.
Тағы бір ем
Қытай ғалымдары гипертензияға тағайындалатын адъювантты препараттардың коронавирусқа емдеуге жарамды екенін анықтады аяқ астынан. COVID-19 жұқтырған 564 адамға сынақ жасалып, аурудың алдын алатындығы белгілі болды. Яғни, препарат өкпенің қабынуының алдын алады. 16 адамның тек біреуі ғана ауыр жағдайда қалған. Қалғандары жақсарған.


Өзгелердің жаңалығы