Абель Санчес "Канело" мен GGG арасындағы үшінші жекпе-жек жайлы айтты

17 Сәуір 2020, 20:30
2132
Бөлісу:
Абель Санчес "Канело" мен GGG арасындағы үшінші жекпе-жек жайлы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаттықтырушы Абель Санчес бұрынғы шәкірті Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасында өтуі мүмкін үшінші жекпе-жек жайлы айтты, деп жазады Prosports.kz.

Жаттықтырушының ойынша, үшінші кездесу Головкин үшін тиімсіз болады.

Бұл жекпе-жек Геннадий үшін тиімсіз болуы мүмкін. Мен оның қасында болмағаным үшін емес, әрине. Альварес қазір мансабындағы ең мықты кезеңде тұр. Ол Головикинге Сергей Ковалевтің кебін кигізуі ғажап емес. "Канело" оңтайлы сәтті күтіп тұрады, бұл GGG-ге қиын тиюі мүмкін. Геннадийдің үшінші жекпе-жекке келіскенін қаламаймын. Егер кездесу өтсе, жекпе-жекті көрмеймін. Головкин физикалық немесе психологиялық тұрғыдан кездесуге дайын болмай, жеңіліп қалуы мүмкін. Ал мұндайды көргеннен көрмеген жақсы, - дейді Санчес.

Бұған дейін Альварестің бапкері Эдди Рейносо Головкинмен үшінші жекпе-жек өтсе, өз шәкіртінің нокаутпен жеңетініне уәде берген жолатын. 

Айта кетейік, "Канело" мен GGG арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегаста өтті. Ол кезде тең нәтиже тіркелді. Қос қарсылас араға тура бір жыл салып қайта кездескен. Ол жолы мексикалық төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Ал үшінші жекпе-жек осы жылдың қыркүйек айында өтетіні айтылып жүр.

Өзгелердің жаңалығы