"Жолдағы қабылдау" акциясы жаңа форматтағы жұмысын бастады

17 Сәуір 2020, 14:47
1067
Бөлісу:
"Жолдағы қабылдау" акциясы жаңа форматтағы жұмысын бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полицияның "Жолдағы қабылдау" акциясы карантин жағдайында өткізіледі, деп хабарлады Polisia.kz.

Алматы облысында дәстүрлі “Жолдағы қабылдау” акциясы жаңа форматта өз жұмысын бастады. Бұл жолы облыс тұрғындарының акция өткізілетін орынға баруы міндетті емес. Олар үйде отырып интернет желісі арқылы өз сұрақтарын қойып, оларға толыққанды жауап ала алады.
Адамдардың көп жиналуын және вирустың таралуын болдырмау мақсатында ҚР Ішкі істер министрлігі интернет байланысы арқылы акция өткізу туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты, жұмысқа әлеуметтік желілердегі ведомстволық аккаунттарды қостық, – деп хабарлады Алматы облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы  Дәулет Молдаханов.
Тікелей эфир мерзімі ыңғайлы прайм-таймдық уақытта және ол жайында жазылушыларға алдын ала хабарланады.
17-18 сәуір аралығында бірнеше онлайн режиміндегі эфир жүргізіледі. Трансляциялар инстаграм желісіндегі "police_almobl" жеке парақшасында өткізіледі. Барлық келіп түскен сауалдарға әкімшілік полиция, жергілікті полиция және көші-қон қызметінің басшылары жауап береді, – деп толықтырды  Молдаханов.
Акция тікелей эфир режимінде өткізіледі.


Өзгелердің жаңалығы