Қашықтан оқыту. Ұстаздың да, оқушының да білімін жетілдіруге мүмкіндіктері бар

17 Сәуір 2020, 21:58
1460
Бөлісу:
Қашықтан оқыту. Ұстаздың да, оқушының да білімін жетілдіруге мүмкіндіктері бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Youtube әлеуметтік желісінде қашықтан оқыту жүйесіндегі өзекті мәселелер талқыға салынған онлайн конференция өтті. 

Тікелей эфир барысында ҚР білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари 3 жылдың ішінде 350 мың мұғалім өз білімін жетілдіру курстарына қатысқанын айтты. 

Мұндай курстар жыл сайын өткізіледі және әрбір мұғалім сол курстан өтуі қажет. Екі аптаның ішінде мұғалімдер қашықтан білім беру жүйесіне тез үйренді. Оны олардың жасап жатқан бейнесабақтарынан көруге болады. Оқушылармен кері байланыс жасап, ұстаздар қаншама білгендерін үйретіп, арнайы месенжерлер арқылы байланысқа шығуда, - деді вице-министр. 

Сонымен қатар, қазіргі ең өзекті мәселе ауыл-аймақтарда интернеттің жоқтығы оқушылардың білім алуына кедергі келтірмейді. 

Бұл балалардың білім алуына ешқандай кедергі келтірмейді. Олар үшін арнайы платформалар бар. Интернет болмаса да теледидар арқылы көп білім алуға болады. Сонымен қатар, ұстаздар үшін әрбір ауданда арнайы орталықтар құрылды. Ол жерде әрбір мұғалім өз біліктілігін арттыра алады. Ауылдағы кейбір мұғалімдердің білімі қала мұғалімдерінің білімінен бірнеше есе артық екендігін көріп жатамыз. Сондықтан ауылда білім дұрыс берілмейді деген пікір қате деп есептеймін, - деді спикер. 

Сонымен қатар, Әлия Бижанованың сөзінше, қазір ата-аналар да, мұғалімдер де, оқушылар да үлкен күйзелісте жүр.
Қашықтан білім алып жатқан оқушыға да, мұғалімге де және үйдегі ата-аналарға да үлкен психологиялық көмек қажет. Бірақ қашықтан білім алудың да өз жақсы жақтары бар. Мысалы, бір үйде екі бала болса, үлкені кішісіне сабаққа көмектесе алады. Бұл дегеніміз үлкен бала өзіне артылған жауапкершілікті сезіне бастайды. Ал кішкентай бала өзінен үлкен ағасын немесе әпкесін тыңдау керектігін ұғады. Сондықтан қашықтан білім жүйесіне қатысып жатқан әрбір адамға әлеуметтік көмек көрсетілуі керек, - деді спикер.

Өзгелердің жаңалығы