Все новости за 14 желтоқсан 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Әлия Назарбаева жаңа салынатын экологиялық мектеп туралы айтып берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің кіші қызы Әлия Назарбаева Alem Eco School білім беру кешенінің құрылысы басталғанын хабарлады. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
-
Назарбаев: Қазақстанның өркендеуі – сіздер үшін ең маңызды дүние
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы барша қазақстандықты еліміздің басты мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Елбасының ресми сайты хабарлады.
-
Бабақұмаров: Бұл – әлеуметтік маңызды мәселе
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен қалалық білім бөлімінің бастығы Ляззат Жылқыбаеваның, аудандық білім бөлімдері басшылыларының, сондай-ақ «Республикалық жеке білім беру ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Роза Садықованың қатысуымен онлайн-жұмыс кездесуі өтті.
-
Ұлттық сенім кеңесінің мүшелері марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мемлекетіміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін Ұлттық кеңестің бірқатар мүшелері мемлекеттік наградалармен марапатталды.
-
Назарбаев «Ел үміті» жобасының негізгі мақсаттарын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасының «Ел үміті» және «Қамқорлық» бастамалары аясында ұйымдастырылған қабілетті балалар мен жастарды қолдауға және инклюзивті қоғам қалыптастыруға бағытталған «Тәуелсіздік жолын жалғастырар ұрпақ» атты онлайн-форум өтті.
-
Елбасының мемлекеттік стипендиясын кімдер алатыны анықталды (ТІЗІМ)
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы өкімге қол қойды.
-
Тоқаев бірқатар елшіден сенім грамоталарын қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақорда резиденциясында бірқатар мемлекеттің жаңадан тағайындалған төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.
-
«Еститін мемлекет». Азаматтардың өтініші бойынша атқарылған жұмыстар талданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында Қорғаныс министрлігі азаматтардың өтініштері бойынша атқарылған жұмысты қорытындылады. Соған орай мереке күндері қарсаңында қорғаныс ведомствасының аппарат кеңесінде әскерлерге міндеттер қойылды.
-
ҚХА. 4-курс студенті «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының мемлекеттік және Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық наградаларымен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
-
Сұлтанов: Биылғы қиыншылыққа қарамастан Қытайға экспортымыз артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың алдына ала қорытындыларын жариялаған ҚР Сауда және интеграция министрі бақыт Сұлтанов биылғы жылы министрліктің күрделі коронавирус жылындағы маңызды жетістіктерінің бірі - экспортты жеделдету бағдарламасын іске қосу екенін айтты.
-
Қырымбек Көшербаев мемлекеттік наградалар тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бір топ белгілі мәдениет, ғылым, білім, денсаулық сақтау салаларының қайраткерлеріне, өндірістік сала өкілдерін марапаттады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Путин: Қазақстан азаматтарына шын жүректен бақ-береке тілеймін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Цой COVID-19-бен күреске атсалысқан волонтерлерді марапаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы күреске үлес қосқан волонтерлерге алғыс хат табыстады.
-
Іле Алатауында жоғалып кеткен ер адам табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екі тәулік іздеуден кейін 2020 жылғы 14 желтоқсанда сағат 15:50-де зардап шеккен 1985 жылы туған ер адам Құмбелсу өзенінің шатқалынан табылды.
-
Еліміздің төрт облысын қалың тұман басады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері бірнеше өңірде дауылды ескерту жасады.
-
Қазақстанның діни қайраткерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 14 желтоқсанда онлайн-форматта «Қазақстанның діни бірлестіктері өкілдерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысуы» тақырыбында Қазақстанның діни бірлестіктер өкілдері жиналысының кезекті отырысы өтті.
-
Қазақстан Қытайға нота жолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Қытайға шекарадағы жағдайға байланысты нота жіберді. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Мамин Мәжіліс депутаттарының кедендік бақылау бекеттеріндегі жүк ағынының проблемалары туралы сауалдарына берген жауабында айтылған.
-
ШҚО-да карантин 30 желтоқсанға дейін созылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері міндетін атқарушының 2020 жылғы 02 желтоқсандағы №25 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
-
Тәуелсіздік күніне орай ТЖМ-нің 22 қызметкері марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 14 желтоқсанда Төтенше жағдайлар министрлігінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өтті, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
-
Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтында хабарланды.
-
Атыраулық жауынгердің сүйегі туған жеріне 80 жылдан кейін жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгер Сапарғали Ербатырұлының сүйегі туған жері Атырауға 80 жылдан кейін жеткізілді.
-
Трамп Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарланды Ақорданың ресми сайтында.
-
Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 2020 жылғы 15-17 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
-
Президент мемлекеттік наградалар тапсыруға арналған салтанатты рәсімге қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы өз сөзінде жиынға қатысушыларды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Тәуелсіздік – мемлекеттігіміздің алтын діңгегі, дербестігіміздің берік негізі екенін атап өтті.
-
Тоқаев: Тәуелсіздік – мемлекеттігіміздің алтын діңгегі, дербестігіміздің берік негізі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақорданың баспасөз қызметі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен Мемлекеттік наградалар тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзін жариялады.
-
Жамбыл полицейлері 3 күнде борышкерлерден 22,5 миллионнан астам теңге өндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл полицейлері үш күн ішінде мемлекет кірісіне 22,5 миллионнан астам теңге өндіріп алды.
-
Шпекбаев IHS Markit бас талдаушысы Меликишвилимен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық рейтингтік ұйымдардың сарапшыларымен диалогты жалғастыра отырып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев IHS Markit бас талдаушысы Алекс Меликишвилимен кездесті.
-
Алматыда мониторингті жария карта іске қосылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Аталған жобаның мақсаты - қала тұрғындарының пандемияға дейін және одан кейінгі кездегі белсенділігіне баға беру. Бұл туралы Алматы қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев мәлім етті.
-
Республикалық маңызы бар автожолдарды да «Сергек» бақылайтын болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның республикалық маңызы бар автожолдарда «Сергек» камералары орнатылатын болды, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов.
-
Биыл бүкіл теннис қауымдастығы үшін тұрақсыз жыл болды – Өтемұратов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан теннис федерациясы жыл сайынғы қорытынды конференциясын өткізді. Қазіргі COVID-19 жағдайына байланысты дәстүрлі кездесу онлайн форматта ұйымдастырылды деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметі.
-
«Үй, жер алып беремін». Алматыда тұрғындарды алдап келген алаяқ ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы азаматтарды 400 миллион теңгеден астам соммаға алдап соққан күдіктіні ұстады. Бұл туралы алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Нұр-Сұлтан қаласының мәслихат депутаттығына 87 адам үміткер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Бектемісова елорда мәслихаты депутаттығына үміткерлерді тіркеу жөніндегі кандидаттардың партиялық тізімдерін қортындылап берді.
-
Нығматулин мемлекеттік марапаттарды табыс етті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздік күні қарсаңында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин депутаттарға және Аппарат қызметкерлеріне Президент Жарлығымен берілген мемлекеттік марапаттарды тапсырды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
-
Қазақстан мен Италияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволары онлайн кездесу өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Италияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық басқармасының президенті Джузеппе Бусиямен онлайн кездесу өткізді.
-
Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін ел азаматтарының үлкен бір тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды.
-
Елордада мереке күндері автобустар жүре ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. CTS баспасөз қызметі мереке күндері қоғамдық көліктің қозғалыс режимі туралы ақпарат таратты.
-
Медициналық сақтандыру қорына биыл қанша қаржы түскені айтылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Медициналық сақтандыру қорына осы жылдың 11 айында 222,5 млрд теңгеге жуық қаржы жинақталды, жүйе енгізілгелі бері 469,4 млрд теңге түсті. Бұл туралы Алматы қаласы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев онлайн брифинг барысында айтты.
-
Пойызда шыққан өрттен зардап шеккендер арасында 10 жасар бала болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Маңғышлақ-Ақтөбе» пойызының жүк вагонында шыққан өрттен зардап шеккендерге қатысты ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли қосымша ақпарат берді.
-
Мамин Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік наградаларды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Тәуелсіздік күніне орай министрліктер мен ведомстволардың қызметкерлеріне, сондай-ақ шет елдердің өкілдеріне Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградаларды тапсырды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
-
МӘМС: Алматыда 400 мыңнан астам адам сақтандырылмаған
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев Алматы қаласында МӘМС-ті іске асырудың бірінші жылының нәтижесі туралы айтты.
-
Елордада газ баллондар пайдаланатын 150-ге жуық нысан тексерілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада тұрмыстық баллондарды пайдалану талаптарын сақтау бойынша ведомствоаралық топ жұмысын жалғастыруда. Осыған дейін ТЖД, тұрғын үй инспекциясы, өнеркәсіптік қауіпсіздік және полиция қызметкерлерінен құралған мамандар 147 түрлі субъектілерде нұсқаулық өткізді.
-
Жалғызбасты аналарға әлеуметтік көмек көрсетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында жалғызбасты аналарға әлеуметтік көмек көрсету акциясы жалғасын тапты, деп хабарлады Polisia.kz.
-
Қазақстанның тағы бір қаласында жаңа жылға арналған отшашу атылмайтын болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алаңда қойылымдар мен отшашулар болмайтын кезекті қала Қызылорда болды. Олар шыршаға, ойыншықтарға және мерекелік жарықтандыруға ақша жұмсаудан бас тартты.
-
Президент мемлекеттік наградалар туралы Жарлыққа қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
-
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы поэзия кешін өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Іс-шараға «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының өкілдері мен жыл сайын өткізіліп келе жатқан «Ауылым - алтын тұғырым» онлайн-байқауының жеңімпаздары қатысты.
-
ҚХП Талдықорған мен Көкшетауда кездесу өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Талдықорған қаласында Қазақстан Халық партиясының мүшелері тұрғындармен кездесу өткізді.
-
AlmaU азаматтық қоғамның дамуына үлес қосып отырған оқу орны - министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Алматы менеджмент университетінің азаматтық қоғамның дамуына қосып жатқанын үлесін ерекше атап өтті.
-
Қордай ауданындағы 10 ауылға газ тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздік күні қарсаңында Жамбыл облысы Қордай ауданының он ауылының тұрғындары «көгілдір» отынға қол жеткізді.
-
Қырымбек Көшербаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы Менеджмент университетінде «Қоғамдық сенім және әлеуметтік капитал» атты халықаралық онлайн конференция өтіп жатыр.
-
Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына саяси партиялардан 118 үміткер тіркелді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы бойынша 5 саяси партияның қалалық филиалдары Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынды. Бұл туралы Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова онлайн брифинг барысында айтты.
-
Елордада кокаин аналогын сатпақ болғандар ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз министрліктің дәстүрлі онлайн брифингінде айтты.
-
Биыл интернет-алаяқтық бойынша 12 мыңға жуық іс тіркелді – Ораз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз министрліктің дәстүрлі онлайн брифингінде айтты.
-
Елді мекендердің электронды карталары қалай жасалады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елді мекендердің жер үсті және жер асты коммуникацияларын түгендеу және цифрландыру, аумақтың сандық жоспарларын құру мемлекеттік қала құрылысы кадастрының базалық деңгейіне ену үшін жүзеге асырылады.
-
Жамбыл облысында жаңа спорт кешені ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының Әлжан ана ауылында жаңа спорттық-сауықтыру кешені ашылды.
-
ЖҚЖК аясында 220 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде 6,7 мың жобаны іске асыру басталды, оларда 130 мың теңгелік орташа жалақымен 220,7 мың адам жұмыспен қамтылған.
-
«Ақ жол» партиясы сайлауалды штабының отырысын өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды штабының республикалық отырысы өтті. Штаб отырысына өңірлік өкілдер онлайн байланыс арқылы қатысты.
-
Елбасының өмірі мен қызметіне арналған деректі фильмінің жалғасы шығады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Хабар» арнасынада Елбасының өмірі мен қызметіне арналған «Штрихи к портрету» деректі фильмінің жалғасы шығады.
-
Жолаушылардың 82%-дан астамы Қазақстанға ПТР-анықтамаларымен келген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының аумағына Ұлыбритания, Германия, Мальдив Республикасы, Мысыр, Түркия, БАӘ, РФ, Украина, Қырғызстан және Өзбекстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді.
-
«Маңғышлақ-Ақтөбе» пойызының жүк вагоны өртеніп кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өрт салдарынан 5 адам, оның ішінде 1 бала түрлі дәрежедегі күйік алған. Барлық зардап шеккендер жүк вагонында болған. Зардап шеккендер Бейнеу ауылындағы орталық ауруханаға жеткізілген.
-
Қытайдың солтүстігінде көне түркілердің 120 қорымы табылды
Алматы, BAQ.KZ. Қытайдың солтүстігінде жүргізілген қазба жұмыстары кезінде көне ғұндарға тиесілі 120 қорым табылды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.
-
Қарулы Күштердің әскери бөлімдерінде жауынгерлік даярлық басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарулы Күштердің әскери бөлімдерінде жоспарлы жауынгерлік даярлық басталды. Ол бірыңғай кешенді стратегиялық міндеттер шеңберінде өткізіледі.
-
Мақтааралдық көпбалалы отбасыларға жарты миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мақтаарал ауданында биыл «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында аз қамтылған көпбалалы аналарға тұрғын үй сатып алу бойынша 50 тұрғын үйге 420 000 млн теңге қаржы республикалық бюджет есебінен бөлінді.
-
КВИ белгілері бар пневмонияның 17 жағдайы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 2020 жылғы 14 желтоқсанда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жариялады.
-
Коронавирустан 7 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіні 14.12.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат жариялады.
-
14 желтоқсанға арналған ауа райы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан аймақтарында 14 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
-
802 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше Қазақстанда 802 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Өткен тәулікте 747 адамнан коронавирус расталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 желтоқсан 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда 747 адам коронавируспен ауырғаны белгілі болды. Бұл ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Наверх