Жалғызбасты аналарға әлеуметтік көмек көрсетілді

14 Желтоқсан 2020, 13:45
3235
Бөлісу:
Жалғызбасты аналарға әлеуметтік көмек көрсетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында жалғызбасты аналарға әлеуметтік көмек көрсету акциясы жалғасын тапты, деп хабарлады Polisia.kz. 

Түркістан облысының полицейлері қайырымдылық жасауды дәстүрге айналдырған. Қайырымдылық қасиеті бойларынан табыла білген облыс полицейлері сын сағаттарда аз қамтылған отбасыларға барынша материалдық көмек көрсетіп, қолдау танытуда. Мереке қарсаңында көмекке мұқтаж жандарға жәрдем беруге асығатын полиция қызметкерлері, елімізде карантин жарияланғалы бері ізгілікті шараларын жалғастыруда. 

Бәйдібек ауданының полиция қызметкерлері Шаян ауылының тұрғыны, жалғызбасты ана Нұрилла Ербегованың тұрғылықты жеріне барып қайтты. 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесіне орай көмек көрсетіліп, азық-түлік табысталды. Сондай-ақ, осы мақсатқа Сарыағаш АПБ-нің қызметкерлері де өз үлестерін қосты. Орталық мешітіне мұқтаж отбасыларға арнап әртүрлі мезгілге сай киімдер тасытады. 

Ордабасы ауданы Темірлан елді мекенінің тұрғыны Мереке Усембаеваға Ордабасы АПБ жеке құрамы атынан әлеуметтік көмек көрсетілді. Көпбалалы ана жалдамалы үйде тұрады. Оның бес баланы тәрбиелеп отырған жалғыз баста ана екенін ескере отырып, күнделікті тұрмысқа қажет азық-түлік пен балаларына сыйлықтар табысталды. Жас бүлдіршіндердің қуанышына бөленіп, анадан алғыс алды. Алдағы уақытта жалғызбасты аналарға әлеуметтік көмек көрсету акциясы өз жалғасын табатын болады. Өз кезегінде асыраушысынан айырылған аналар полицейлерге алғысын айтып, жұмыстарына табыс тіледі. Қиын шақта қолдау білдіргендеріне ризашылықтарын жеткізді.


Өзгелердің жаңалығы