Қазақстан Қытайға нота жолдады

14 Желтоқсан 2020, 19:00
4127
Бөлісу:
Қазақстан Қытайға нота жолдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Қытайға шекарадағы жағдайға байланысты нота жіберді. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Мамин Мәжіліс депутаттарының кедендік бақылау бекеттеріндегі жүк ағынының проблемалары туралы сауалдарына берген жауабында айтылған.

Пандемия жағдайында Қытай Халық Республикасы қазақстандық тараптан қабылданған автокөлік құралдарының санын (АТС) тәулігіне 20-30 бірлікке дейін шектеді. (…) Пандемияға дейін күн сайын 200-ден астам бірлік АТС «Нұр жолы» бақылау-өткізу пункті арқылы Қытай жағына жөнелді. Бақылау-өткізу бекеттерінің өткізу қабілетін арттыру және жағдайды шешу үшін Қытай тарапымен келіссөздер жүргізілді, - деп жауап берді Үкімет басшысы.

Ол 10-24 қараша аралығында Қытай тарапы 381 АТС қабылдағанын айтқан. Бұл мәселені шешу үшін Сыртқы істер министрлігі ҚХР-дың Қазақстан Республикасындағы елшілігіне нота жолдады деп жауап берді.

Бұған дейін «Ақ жол» партиясының Мәжілістегі фракциясының депутаттары Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Нұр жолы - Қорғас» бақылау-өткізу бекетіндегі бірқатар мәселені шешуді сұрап, Үкімет басшысына сауал жолдаған болатын. 

Мысалы, депутат Меруерт Қазбекова бақылау-өткізу пунктінің ашылған кезде тәулігіне 2500-ге дейін көлік өткізуге болатындығы көрсетілгенін, ал бір көлікті өткізу уақыты 30 минутқа дейін қысқаратыны айтылғанын еске салды.

16 тамызда фракция депутаттары көрсетілген кеден бекетінде болды, мемлекеттік органдардың өкілдерімен және кәсіпкерлермен кездесті. Сапар кезінде өткізу пунктінде 50 шақырымға созылған 2,5 мың автокөліктен тұратын кезек пайда болды. Жүргізушілер жүк көліктерінің 2-3 ай бойы қозғалыссыз тұрғанына, ал кейбіреулері «өткізгіш» деп аталатын жол полициясының қызмкеткерлерінің арқасында кезексіз өтіп жатқандығына наразылықтарын білдірді. Олардың кедергісіз өткізу ставкалары 1-3 мың доллар аралығында болған, - деген болатын Меруерт Қазбекова.

Өзгелердің жаңалығы