«Еститін мемлекет». Азаматтардың өтініші бойынша атқарылған жұмыстар талданды

14 Желтоқсан 2020, 21:42
1503
Бөлісу:
«Еститін мемлекет». Азаматтардың өтініші бойынша атқарылған жұмыстар талданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында Қорғаныс министрлігі азаматтардың өтініштері бойынша атқарылған жұмысты қорытындылады. Соған орай мереке күндері қарсаңында қорғаныс ведомствасының аппарат кеңесінде әскерлерге міндеттер қойылды.

Кеңес барысында жауынгерлік даярлық, әскери объектілердің диверсияға қарсы қауіпсіздігі, әскери тәртіп пен құқық тәртібін сақтау мәселелеріне назар аударылды.

Алдағы мереке және демалыс күндері гарнизондарда әскери инфрақұрылым объектілеріндегі коммуналдық желілердің дұрыстығын қолдау, тұрғын жайларды жылумен және сумен, электр қуатымен қамтамасыз ету жөнінде аудандық пайдалану бөлімінің үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастыру үшін нұсқаулар берілді.

Бас қолбасшыларға мерекелік іс-шараларды санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, адамдардың көп жиналуына жол бермеуді ұйымдастыруды, сондай-ақ жеке құрамның сырқаттану мүмкіндігін тоқтату үшін уақтылы диагностика жасауды тапсырды.

Қарулы Күштерде «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруда азаматтардың өтініштері жөнінде істелген жұмысқа талдау жүргізілді. Қорғаныс министрі, генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев көптеген адам өз өтініштерінде өмірге маңызды мәселелер көтеретінін атап өтті. Осыған байланысты әр өтінішке жеке қарап, азаматтарға қолдау көрсету үшін барлық шара қолдану қажет. Сонымен қатар, жерлердегі лауазымды адамдардың жеке жауапкершілігіне, сондай-ақ олар өтініштерде көрсетілген мәселелерді уақтылы шешуге өз құзыреті шегінде міндетті екеніне тоқталды.

Өзгелердің жаңалығы