Елбасының өмірі мен қызметіне арналған деректі фильмінің жалғасы шығады

14 Желтоқсан 2020, 10:22
1407
Бөлісу:
Елбасының өмірі мен қызметіне арналған деректі фильмінің жалғасы шығады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Хабар» арнасында Елбасының өмірі мен қызметіне арналған «Штрихи к портрету» деректі фильмінің жалғасы шығады.

15 желтоқсан сағат 21:40-та «Хабар» телеарнасының эфирінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының өмірі мен қызметіне арналған «Штрихи к портрету» деректі фильмінің жалғасы шығады, - делінген elbasy_nazarbayev instagram парақшасында.


Естеріңізге сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев фильмнің бірінші бөлімінде қашып жүргендерді кешіруге дайын екенін айтқан болатын.
Қашып жүргендерді кешіруге дайын екенімді ашық айтқанмын. Бірақ елге келіп, өз кінәсін мойындауы керек. Ақшаны қайтар да, халықтан кешірім сұра. Біз саған тиіспейміз, Қазақстанда емін-еркін жүре бер. Алайда әзірге ешкім олай келген жоқ, - деді Назарбаев «Штрихи к портрету» деректі фильмінде.


Өзгелердің жаңалығы