Еліміздің төрт облысын қалың тұман басады

14 Желтоқсан 2020, 19:29
941
Бөлісу:
Еліміздің төрт облысын қалың тұман басады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері бірнеше өңірде дауылды ескерту жасады. 

15-16 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман күтіледі. Тәулік бойы 15, күндіз 16 желтоқсанда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%, - делінген хабарламада.

15 желтоқсанда Ақмола облысында кей жерде тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз кей жерде күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 85-90%. 

15 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман күтіледі. Орал қаласында 15 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 85-90%.                       

15 желтоқсанда Ақтөбе облысының кей жерінде тұман күтіледі. Ақтөбе қаласында 15 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 85-90%.

Өзгелердің жаңалығы