Елді мекендердің электронды карталары қалай жасалады?

14 Желтоқсан 2020, 11:28
1317
Бөлісу:
Елді мекендердің электронды карталары қалай жасалады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елді мекендердің жерүсті және жерасты коммуникацияларын түгендеу және цифрландыру, аумақтың сандық жоспарларын құру мемлекеттік қала құрылысы кадастрының базалық деңгейіне ену үшін жүзеге асырылады.

Біз жасап жатқан жұмыс өте өзекті. Инженерлік коммуникацияларды цифрландыру желідегі жүктемені бақылауға және уақытында қуаттылықты арттыруға, жөндеуді жоспарлауға және жаңа қондырғыларды инженерлік желілерге қосу процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Жолдарды жылумен жабдықтау объектілерін, сумен жабдықтау, канализациялық нысандарды жөндеу және басқа құрылыс-монтаждау жұмыстары кезінде желілердің апаттық деңгейі айтарлықтай төмендейді. Қазір түгендеу процесі Жерді қашықтан зондтау материалдарын қолдана отырып жеделдетілуде және жеңілдетілуде: пилотсыз ұшу аппараттарынан аэрофототүсірілім және ғарыштық суреттер түсіру, - дейді «Мемқалақұрылыскадастры» РМК бас директоры Тұрлыбек Мұсабаев. 

«Мемқалақұрылыскадастры» РМК «Delair UX11» ұшақ типті ПҰА-ын қолдана отырып, жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізеді. Ұшақтың аэрофототүсірілім материалдары арнайы бағдарламалық жасақтама көмегімен мұқият талданады. Нәтижесінде ортофотомап қалыптасады - елді мекендер аумағының жалпы ауданы 3230 га болатын 1:500 масштабында кадастрлық жоспарларды құрудың цифрлық картографиялық негізі. 

ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, пилотсыз жүйелерді пайдалану жеке тұрғын үйлермен қамтылған аудандарда жету қиын (әр аулаға кіру мүмкіндігі болмаған кезде) орындарды түсіруге өте тиімді. Қазіргі уақытта бұл жұмыстар Павлодар, Шымкент, Петропавл, Ақтөбе, Орал, Тараз, Қызылорда, Өскемен және Ақтау қалаларында жүргізілуде. 

Түгендеу нәтижелері бойынша барлық коммуникациялар мен ғимараттардың орналасуы туралы егжей-тегжейлі ақпаратпен елді мекендердің цифрлық электрондық картасы жасалады. Сандық карта объектілер мен аумақтың ағымдағы техникалық жағдайы туралы, сонымен қатар әкімдіктер мен әлеуетті инвесторлардың аумақты дамытуды жоспарлау кезінде оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау қабілеттілігі туралы объективті түсінік береді.


Өзгелердің жаңалығы