«Ақ жол» партиясы сайлауалды штабының отырысын өткізді

14 Желтоқсан 2020, 10:41
1566
Бөлісу:
«Ақ жол» партиясы сайлауалды штабының отырысын өткізді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды штабының республикалық отырысы өтті. Штаб отырысына өңірлік өкілдер онлайн байланыс арқылы қатысты. 

Отырыс «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевтің алғы сөзімен басталды. Ол штабтың төрағасы ретінде Болат Өтепбаев пен Айгүл Жұмабаеваны орынбасарлары етіп тағайындады. Аймақтық деңгейде де осындай штабтар құрылды. 

Партиядан сайлауға ресми түрде тіркелген 700-ден астам адам бар. Іс-шара барысында «Ақ жол» демократиялық партиясы орталық штабтың тәртібі мен жоспарын бекітті. Партия өкілдері үгіт-насихат кезінде ұйымдастырылатын барлық шаралар кезінде санитарлық талаптардың  сақталатынын айтты. 

акжол2.jpg

Партия төрағасы өңірлерде штаб отырысын ұйымдастыруды сұрады. Бақылау жұмыстарының 99 пайызы партияның мойнына түседі. Шара аясында байқаушылар тәулік бойы жұмыс істеуге дайын болу керегі айтылды. Осыған байланысты байқаушыларды қосымша оқыту курстарын ұйымдастыру ұсынылды. 

Айта кетейік, 2020 жылғы 10 желтоқсанда алдағы 2021 жылғы парламенттік сайлауға қатысатынын мәлімдеген саяси партиялардың сайлау алдындағы үгіт кезеңі басталды.


Өзгелердің жаңалығы