Елордада мереке күндері автобустар жүре ме?

14 Желтоқсан 2020, 14:49
1510
Бөлісу:
Елордада мереке күндері автобустар жүре ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. CTS баспасөз қызметі мереке күндері қоғамдық көліктің қозғалыс режимі туралы ақпарат таратты.

Мереке күндері, атап айтқанда, 16-19 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді. Жұмыс күнгі 18 желтоқсан 20 желтоқсанға ауыстырылды. Осыған орай жексенбі күні қоғамдық көлік сағат 06: 00-ден 23:00-ге дейін жұмысын жалғастырады, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, қоғамдық көлікке бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Автобусқа тек алдыңғы есік арқылы кіру қажет. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз, яғни  көлік картасы, SMS, QR-код арқылы төленеді.

Өзгелердің жаңалығы