Атыраулық жауынгердің сүйегі туған жеріне 80 жылдан кейін жеткізілді

14 Желтоқсан 2020, 18:01
1394
Бөлісу:
Атыраулық жауынгердің сүйегі туған жеріне 80 жылдан кейін жеткізілді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгер Сапарғали Ербатырұлының сүйегі туған жері Атырауға 80 жылдан кейін жеткізілді. 

«Жеңіс» саябағында өткен марқұмды ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысты, деп хабарлады Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.     

Атыраулық жауынгердің сүйегі туған жеріне 80 жылдан кейін жеткізілді

Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерді жиналғандар бір минут үнсіздікпен еске алған соң, аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов сөз сөйледі. 

Бүгін - жүректі елжіретер ерекше күн. Туған топыраққа тағы бір ұлы оралды. Бұл - егемендік пен елдіктің ерек көрінісі. Екінші дүниежүзілік соғыс — адамзат тарихындағы ең бір қанды қасап болды. Оған қазақ даласынан жүздеген мың жауынгер қатысса, Атыраудан да мыңдаған адам аттанған еді. Сол сойқанда қаншама азаматымыз қаза тауып, сүйектері жат жерде қалды. Соғыс даласынан оралмаған боздақтардың бірі – бақсайлық Сапарғали Мұқатов атамыз болатын. Арада 80 жылдан астам уақыт өткенде марқұмның сүйегі туған жер топырағына жеткізілді. Сапарғали Ербатырұлының рухы енді туған жерде тыныштық табады. Адамзат сан соғысты бастан өткеріп, адам баласы тарихында небір зұлматты көрді. Бейбітшілікті басты ұстанымына айналған Қазақстан әлемге өзіндік үлгі көрсетуде. Сонау қиырда қалған батырдың сүйегі арада жылдар өткенде туған жердің қойнына тапсырылайын деп отыр. Бұл – тәу етер Тәуелсіздіктің арқасы. Тәуелсіздігіміз бен тыныштығымыз мәңгілік салтанат құрсын, - деді өңір басшысы.

Атыраулық жауынгердің сүйегі туған жеріне 80 жылдан кейін жеткізілді

Жауынгерді ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне Сапарғали Ербатырұлының ұрпақтарымен қатар батырға құрмет көрсетуге келген бір топ атыраулық қатысты. 

Атыраулық жауынгердің сүйегі туған жеріне 80 жылдан кейін жеткізілді

Батырдың сүйегінің туған жерге оралуына тек Атыраудың ғана емес, Ресей Федерациясының «Переправа» іздеу отрядының командирі Наталья Максимова, Павлодардың «Майдан жолы» іздеу отрядының командирі Александр Шитов, Атырау облыстық «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшесі Қуаныш Юсупов және еліміздің басқа өңірлерінен де белсенді азаматтар атсалысқан. 

Атыраулық жауынгердің сүйегі туған жеріне 80 жылдан кейін жеткізілді

Олардың қатарында Атырау облыстық «Былина» орыс этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Андрей Кораблев те бар. Ол іс-шара барысында жауынгердің майдан даласында көрсеткен ерен ерліктері туралы әңгімеледі.   

Сондай-ақ жауынгер ерлігіне тағзым етуші ұрпақтарының атынан сөз алған Марат Үмбетәлиев рәсімде «өшкені жанғандай, жоғалғаны табылғандай» толқып тұрғанын айтты. Жауынгердің сүйегін туған жерге әкеліп, қайта жерлеуді ұйымдастыруға себепші болған өңір басшылығына ризашылығын білдірді.  

Адамзат баласы туған жеріне туған бойда тамырымен байланады деседі. Арада қанша уақыт өтсе де оларды ажыратпайтын бір тылсым күш бар. Бүгінгі Сапарғали Ербатырұлының қыршынынан қиылған жас ғұмыры мен бүгінгі атамекенге сапары – осы жер мен адам арасындағы ұлы байланыстың айғағы болса керек, - деді Марат Үмбетәлиев.   

Жеңіс саябағының мәңгілік алауы алдында аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов бастаған зиялы қауым өкілдері жауынгер рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

Атыраулық жауынгердің сүйегі туған жеріне 80 жылдан кейін жеткізілді

Айта кетейік, марқұмның сүйегі Атырау қаласындағы Ноғай зиратына жерленді.

Өзгелердің жаңалығы