Бабақұмаров: Бұл – әлеуметтік маңызды мәселе

14 Желтоқсан 2020, 23:03
1891
Бөлісу:
Бабақұмаров: Бұл – әлеуметтік маңызды мәселе

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен қалалық білім бөлімінің бастығы Ляззат Жылқыбаеваның, аудандық білім бөлімдері басшылыларының, сондай-ақ «Республикалық жеке білім беру ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Роза Садықованың қатысуымен онлайн-жұмыс кездесуі өтті.

Бұған дейін Алматы әкімдігі мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша мемлекеттік бюджеттік тапсырыспен жеке мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды тамақтандыру құнын субсидиялауды жергілікті бюджет арқылы іске асыру туралы бастама көтерген болатын. Бұл бастаманы Білім және ғылым министрлігі қолдады.

Негізгі мақсат — ата-аналардың жекеменшік балабақшаларда балаларды тамақтандыру шығындарын субсидиялау арқылы алматылық балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды кеңейту. Бұл өз кезегінде жүктемені азайтып, мемлекеттік балабақшалардағы орын тапшылығын шешуге мүмкіндік береді.

Атап айтқанда, мемлекеттік білім беру тапсырысы берілген жеке балабақшаларда тәрбиеленушінің жасына қарамастан, жергілікті бюджеттен тамақтанудың 100% құнын өтеу жоспарлануда.

Семинар барысында субсидияланатын жеке мектепке дейінгі ұйымдарды таңдаудың ұсынылған өлшемдері егжей-тегжейлі талқыланды. 

Онлайн-отырыстың қорытындылары бойынша әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту мәселесінің маңыздылығын атап өтті және субсидиялау механизмінің ұсынылатын өлшемдерін жеке сектормен және жеке білім беру ұйымдарының қауымдастығымен талқылауды тапсырды.  

Қала әкімі Б.Сағынтаевтың өкімі - балабақшалардағы кезектің айтарлықтай төмендеуіне жағдай жасау. Бұл әлеуметтік маңызды мәселе.  Субсидияланатын жеке мектепке дейінгі ұйымдарды таңдау критерийлерін жеке сектормен талқылау керек, - деді Бабақұмаров және мектепке дейінгі білім беру қызметтерінің осы сегментінде жұмыс істейтін кәсіпкерлерді белсенді ынтымақтастыққа және субсидиялау механизміне қатысуға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы