Медициналық сақтандыру қорына биыл қанша қаржы түскені айтылды

14 Желтоқсан 2020, 14:30
1588
Бөлісу:
Медициналық сақтандыру қорына биыл қанша қаржы түскені айтылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  Медициналық сақтандыру қорына осы жылдың 11 айында 222,5 млрд теңгеге жуық қаржы жинақталды, жүйе енгізілгелі бері 469,4 млрд теңге түсті. Бұл туралы Алматы қаласы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев онлайн брифинг барысында айтты.

Жарна көлемі жағынан жинақталған соманың бестен бір бөлігі бұрынғыша, оңтүстік астананың еншісінде екен. Өткен 11 айда Қорға Алматы қаласынан 38,8 млрд теңгеден астам жарна аударылыпты. 

Оның 25 млрд теңгеден астамы – жұмыс берушілердің жасаған аударымдары болса, қалған 13,7 млрд теңге жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша еңбек ететіндерге тиесілі. Сондай-ақ, соңғы кезде бірыңғай жиынтық төлеушілер саны да артып келеді. Алматы қаласы бойынша 2019 жыл басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтыған 195 мыңнан астам адам 345,4 млн теңге көлемінде БЖТ төлеген,- дейді Әбілдаев. 

Айта кетсек, Медициналық сақтандыру қоры үш жылдан бері кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті шеңберінде көрсетілген қызметтерге ақы төлеп келеді.  

Осы жылдың 4 желтоқсанындағы жағдай бойынша Алматыда қос пакет шеңберінде 172 денсаулық сақтау нысанымен 182,5 млрд теңгеге келісімшарт бекіткен. Оның 78 немесе 45% мемлекеттік (136,7 млрд теңге сомасында), 94 немесе 55% жеке меншік (45,7 млрд теңге сомасында).

2020 жылы бекітілген келісімшарт сомасы өткен жылмен салыстырғанда 58,2% немесе 63,1 млрд теңгеге артқан.



Өзгелердің жаңалығы