Биыл бүкіл теннис қауымдастығы үшін тұрақсыз жыл болды – Өтемұратов

14 Желтоқсан 2020, 16:08
1278
Бөлісу:
Биыл бүкіл теннис қауымдастығы үшін тұрақсыз жыл болды – Өтемұратов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан теннис федерациясы жыл сайынғы қорытынды конференциясын өткізді. Қазіргі COVID-19 жағдайына байланысты дәстүрлі кездесу онлайн форматта ұйымдастырылды деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметі. 

Федерация президенті Болат Өтемұратов 2020 жыл ҚР Ұлттық құрамасы мен бүкіл теннис қауымдастығы үшін тұрақсыз жыл болғанын атап өтті, дегенмен ол федерация мен жалпы ел үшін маңызды оқиғалармен есте қалғанын жеткізді.

 Осы жылдың қазан айында теннис Федерациясы Қазақстан тарихындағы алғашқы ATP 250 Astana Open турнирін өткізді.

Дайындықтың қысқа мерзіміне қарамастан Федерация бір жарым ай ішінде турнирді жоғары деңгейде өткізіп, ойыншылар мен ATP-ден де жоғары бағаға ие болды. 

Ал  қазақстандық спортшылардың бір қатарына, мысалы Тимофей Скатов үшін Astana Open беделді турнирінде дебют жасауға тамаша мүмкіндік болды. Сондай-ақ, спортшыларға ұпай жинауға және келесі жылы жасөспірімдер турына қатысуға кепілдік беретін жасөспірімдер турнирлерін ұйымдастыруға мүмкіндік туды. 2020 жылдың басынан бастап мемлекет тарапынан қаржыландырудың толық тоқтатылғанына қарамастан, барлық ойыншылар федерациядан қаржылық қолдауды толық көлемде алуды жалғастырды. Көптеген басқа елдердің спортшыларына қолдау көрсетілмей жатқан жағдайда, біздің теннисшілер жаттығу процесін үзген жоқ.    

 ҚТФ Вице-президенті Юрий Польский 2020 жылы Қарағандыда жалпы ауданы 7,8 мың шаршы метр, 7 жабық және 4 ашық корты бар жаңа теннис орталығы пайдалануға берілгенін атап өтті. Қазір Тараз және Қызылордада корттарды күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда, ал Шымкентте аумақты абаттандыру бойынша ауқымды жоба өтті. 2021 жылы Түркістан және Лисаковск қалаларында теннис орталықтарын салу және Алматыда тағы бір орталықты пайдалануға беру жоспарлануда. 

Теннис федерациясының атқарушы директоры Дэйв Майли қорытынды конференция барысында келесі жылы іске қосылатын ұлттық рейтингтің бұрынғы ойыншыларына арналған «Fast track» жаттықтырушыларды оқытудың жедел бағдарламасын ұсынды, сонымен қатар ойыншылардың рейтингі мен федерация бағдарламаларының дамуына қатысты 2021 жылға арналған мақсаттарды белгіледі, - делінген хабарламада. 

Теннис федерациясының 17 филиалының басшылары 2020 жылы өткізілген турнирлер саны айтарлықтай төмендегенін атап өтті, бірақ пандемия тенниспен айналысатын балалар мен ересектер санына әсер етпеді, өйткені қазіргі жағдайда теннис ең қауіпсіз спорт түрлерінің бірі болып табылады. Сондай-ақ, олар кейбір аймақтардағы проблемаларды анықтап, әріптестерімен бірге оларды шешу жолдарын іздеді.

 2021 жылы Қазақстан теннис федерациясы өңірлерді дамытуға баса назар аударатын болады. Басым міндеттердің қатарында жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру және үздік ойыншыларды анықтау және қолдау енді. Конференцияға қатысушылар бүгінгі таңда Қазақстанның 17 қаласында теннисті дамытуға қажетті барлық материалдық-техникалық база құрылғанын, жаңа заманауи корттар салатынын, балалар үшін қолжетімді секциялар ашатынын атап өтті.

 Көптеген қазақстандықтар үшін осы спорт түрімен әлемдік стандарттарға сай келетін жағдайда, қолайлы бағамен айналысу мүмкіндігі пайда болды.

Өзгелердің жаңалығы