Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты

14 Желтоқсан 2020, 17:31
1576
Бөлісу:
Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 2020 жылғы 15-17 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Еліміздің барлық аумағында негізінен жауын-шашынсыз аязды ауа райын алып келген Сібір антициклоны шығыс бағытта жылжи бастайды. Оның артынан Солтүстік-батыс циклонының жырасы келеді. Ол жауын-шашын, негізінен қар түрінде, желдің жаяу бұрқасынмен күшеюін, сондай-ақ ауа температурасының жоғарылауын әкеледі, - делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы