Қырымбек Көшербаев мемлекеттік наградалар тапсырды

14 Желтоқсан 2020, 20:41
2726
Бөлісу:
Қырымбек Көшербаев мемлекеттік наградалар тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша белгілі мәдениет, ғылым, білім, денсаулық сақтау салаларының бір топ қайраткерін, өндірістік сала өкілдерін марапаттады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шарада мемлекеттік наградаларды, сондай-ақ әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық лауреаттарына дипломдар мен төсбелгілерді салтанатты жағдайда тапсырды.

 Тәуелсіздік күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қазақстанның дамуы мен өркендеуіне ерекше үлес қосқан қазақстандықтарды мемлекеттік наградалармен және сыйлықтармен марапаттауы игілікті дәстүрге айналған.

Мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар - бұл сіздердің елімізді әлемдегі дәулетті, парасатты әрі бәсекеге қабілетті мемлекетке айналдырудағы жасампаз еңбектеріңізге, білімдеріңізге, қажыр-қайраттарыңызға және айрықша құлшыныстарыңызға берілген жоғары баға, - деді Қырымбек Көшербаев.

Мемлекеттік хатшы марапат иелерін жоғары мемлекеттік наградаларымен және сыйлықтарымен құттықтап, жаңа табыстар мен жетістіктер тіледі.

Өзгелердің жаңалығы