Қырымбек Көшербаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы пікір білдірді

14 Желтоқсан 2020, 11:56
1589
Бөлісу:
Қырымбек Көшербаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы Менеджмент университетінде «Қоғамдық сенім және әлеуметтік капитал» атты халықаралық онлайн конференция өтіп жатыр.

ҚР Президенті жанындағы  Ұлттық сенім кеңесінің қолдауымен өтіп жатқан конференцияға Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Ақпараттық және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Австрия Республикасының елшісі Вилли Кемпел бар.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың айқындап берген «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының басты мақсаттарының бірі – қоғамдық сананы жаңғырту. Одан бөлек, жаңа саяси мәдениетті қалыптастыру және өзара орнықтыру. Сонымен қатар Президент бастамасымен құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі бүгінгі таңда халық пен мемлекет арасындағы алтын көпірге айналып, қоғамның билікке деген сенімін арттыруға ықпал етіп отыр. Бұл жобалар дала данышпандары Абай мен әл-Фарабидің рухани мұраларына адалдығымызды айғақтайды, - деді Қырымбек Көшербаев.
Конференцияны ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараны өткізуге 14 желтоқсан кездейсоқ таңдалмаған. Бұл символикалық күн екі маңызды оқиға - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан) мен Алматы Менеджмент университетінің  құрылған күні (12 желтоқсан) құрметіне ұйымдастырылып отыр.
Өзгелердің жаңалығы