ШҚО-да карантин 30 желтоқсанға дейін созылды

14 Желтоқсан 2020, 18:47
1503
Бөлісу:
ШҚО-да карантин 30 желтоқсанға дейін созылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері міндетін атқарушының 2020 жылғы 02 желтоқсандағы №25 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

CОVІD-19 коронавирустық инфекциясы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы және Қазақстан Республикасының басқа облыстарындағы, іргелес мемлекеттердегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап, есептік өлшемшарттар негізінде CОVІD-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардың төсек қорының (ПЗК) қамту пайызы – 11,3%, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні R– 0,84% екенін анықтадым. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4) тармақшасы, 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104-баптары негізінде қаулы етемін, - деп жазылған құжатта.

«Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі шектеу шараларын ұзарту туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 02 желтоқсандағы № 25 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

- Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2020 жылғы 17 желтоқсандағы сағат 00.00-ден бастап 2020 жылғы 30 желтоқсандағы сағат 00:00-ге дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары ұзартылады;

- Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

- Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен белгіленген санитариялық ережелерді, алгоритмдерді (талаптарды) және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, термометрияны маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтағанда, белгі салып, тиісті дайындық актілерін алғаннан кейін қызметін жексенбі күні тоқтата отырып, жұмыс режимі сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін:

Қоғамдық тамақтану объектілері үшін келесі қызмет тәртібі белгіленді:

көпшілік, отбасылық, ұжымдық (корпоративтік) іс-шаралар, конкурстар (интерактивті іс-шаралардан басқа, өз үстелінен шықпай), билерді өткізбей, бір үстелге 4-6 адамнан аспайтын мөлшерде отырғызып, көршілес үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және толтырылуын отыратын орындар санының 50%-нан асырмаған жағдайда;

Қоғамдық тамақтану объектілері келушілер үшін объектіні жаба отырып және «шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану ұйымдарына қойылатын талаптарды» сақтай отырып, уақыт пен күн бойынша шектеусіз онлайн жеткізуге не өзімен алып кетуге (жеткізуге) жұмыс істей алады;

- Өнеркәсіптік кәсіпорындарға, мектепке дейінгі тәрбие объектілеріне, медициналық мекемелерге, туризм объектілеріне және халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдарға (қонақ үйлер, отельдер, демалыс үйлері, туристтік базалар және т. б.) қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілері қызмет көрсететін объектінің штаттық режимінде, толтырылуын отыратын орындар санының 50%-нан асырмай, қызмет көрсететін объектілердің қызметкерлерін, клиенттерін, пациенттерін және басқа да адамдардың тамақтануларын ұйымдастыру үшін жұмыс істей алады;

Ғимарат ішінде және ғимараттан тыс орналасқан азық-түлік сатпайтын базарлардың қызметіне қатысты:

толтырылуы 30%-дан аспағанда және бір келушіге ауданы 4 м.ш. кем емес болған жағдайда;

азық-түлік сатпайтын сауда объектілері (дүкендер, бөлімдер, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер, сауда үйлері, бутиктер, сауда желілері, СОО), осыларда орналасқан дәріханалар мен азық-түлік супермаркеттерін қоспағанда:

сауда залының ауданы 50 м.ш. дейінгі үй-жайларда бір уақытта бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 4 адамнан аспайтын мөлшерде, сауда залының ауданы 50-ден 100 м.ш. дейінгі үй – жайларда -тиісінше 8 адамнан аспайтын мөлшерде, сауда залының ауданы 100 м.ш. астам болғанда толтырылуын 30% - дан асырмай және 1 келушіге ауданы 4 м.ш. кем емес болған жағдайда;

- шектеу іс-шараларының қолданылу кезеңінде азық-түлік сатпайтын  сауда объектілері объектіні келушілер үшін жаба отырып, жеткізуге немесе өз бетімен алып кетуге ғана жұмыс істей алады.

- Мереке және сенбі күндері супермаркеттерге, гипермаркеттерге, сауда үйлеріне, сауда желілеріне, СОО-на бір келушіге 4 м.ш. кем емес болған жағдайда толтырылуы 30% - дан аспаған жағдайда, балалар ойын алаңдары мен аттракциондарының қызметіне тыйым сала отырып, қолданыстағы жұмыс режимінде жұмыс істеуіне рұқсат етілсін, ал жексенбі күні қызметтері тоқтатыла тұрады;

- СОО-да қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысына тек алып шығуға және жеткізуге рұқсат етіледі.

Бұдан бөлек Риддер қаласында, Глубокое және Алтай аудандарында орналасқан базарларды қоспағанда, ғимарат ішінде және ғимараттан тыс орналасқан азық-түлік базарларының қызметі, сағат 07.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етілсін, ал жексенбі күні қызметтері тоқтатылады;

Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, термометрияны маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтау, белгі салғанда, тиісті дайындық актілерін алғаннан кейін бұрынғы қолданыстағы жұмыс режимі:

- азық-түлік сауда объектілері (дүкендер, бөлімдер, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер, сауда үйлері, бутиктер, сауда желілері, зоодүкендер)  дәріханалар мен дәріхана бөлшек сауда желісі үшін сақталады;

- сауда залының ауданы 50 м.ш.  дейінгі үй-жайларда бір уақытта бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 4 адамнан аспайтын мөлшерде, сауда залының ауданы 100 м.ш. дейінгі үй – жайларда -тиісінше 8 адамнан аспайтын мөлшерде, сауда залының ауданы 100 м.ш. астам болғанда толтырылуын 30%-дан асырмай  және 1 келушіге ауданы 4 м.ш. кем емес болған жағдайда жол беріледі;

Сонымен қатар ауданы 2000 м.ш. асатын азық-түлік тауарларын сататын сауда объектілеріне тәулік бойы жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.  Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы