Жамбыл облысында жаңа спорт кешені ашылды

14 Желтоқсан 2020, 11:13
2986
Бөлісу:
Жамбыл облысында жаңа спорт кешені ашылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының Әлжан ана ауылында жаңа спорттық-сауықтыру кешені ашылды. 

Мұнда шағын футбол, волейбол, баскетбол, еркін күрес, бокс, тхэквондо және дзюдо сияқты бірнеше спорт секциялары жұмыс істейді.  

Жамбыл облысында жаңа спорт кешені ашылды

Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының «Менің Елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында ауданы 1400 шаршы метрден асатын спорт кешенінің құрылысына қаражат бөлді. Мұнда түрлі спорттық іс-шаралар, аудандық және облыстық деңгейдегі жарыстар, сондай-ақ жаттығу жиындары өтеді. Кешенге үлкен арена, зал, бокс және күрес залы және 4 киім ауыстыратын бөлме кіреді.

Жамбыл облысында жаңа спорт кешені ашылды

Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамытуға үлкен көңіл бөледі. Біздің облыста 13 дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде, оның төртеуі Қордай ауданының ауылдарында. Әлжан ана ауылында жаңа спорт кешенінің ашылуы салауатты өмір салтын ұстануға ықпал ететініне сенеміз. Енді ауылдың ұлдары-қыздары да, өзге тұрғындар да аудан орталығына баруға уақыт пен қаражат жұмсамай, жақын жердегі кешенде сүйікті спорт түрлерімен айналыса алатыны қуантады, - деп атап өтті Бердібек Сапарбаев ауыл тұрғындарын айтулы оқиғамен құттықтау сөзінде.

Сондай-ақ, спорт кешенінің ашылу салтанатына Жамбыл облысының тумасы, ІВА бойынша кәсіби бокстан әлем чемпионы, Азия чемпионы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Марат Мәзімбаев та қатысты. 

Жамбыл облысында жаңа спорт кешені ашылды

Жақын арада осы тамаша кешеннің қабырғасынан тәуелсіз Қазақстанның әнұранын әлемдік аренада шырқататын олимпиада және әлем чемпиондары шығатынына сенімдімін, - деді кәсіпқой спортшы.

Жамбыл облысында жаңа спорт кешені ашылды

Барлық спорт залдары қажетті құрал-саймандармен жабдықталған, оның ішінде бокс рингі орнатылған, күрес маты және жамылғы, бокс сөмкесі және басқа да тренажерлар сатып алынған. Мұнда жергілікті Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 120 оқушысы 6 жаттықтырушымен бірге жаттығатын болады.

Жамбыл облысында жаңа спорт кешені ашылды

Айта кетейік, ғимарат пандустармен және арнайы дәретханалармен жабдықталған. Сонымен қатар, мұнда алғашқы медициналық көмек көрсету үшін дәрі-дәрмектермен жабдықталған медициналық кабинет бар.

Жамбыл облысында жаңа спорт кешені ашылды

Бұл Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының атынан іске асырып жатқан Жамбыл облысындағы алғашқы жоба емес. Осылайша, 2020 жылы өңірде әмбебап спорт алаңдары ашылды. Қордай ауданында білім алуында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған психологиялық-педагогикалық қолдау кабинеті мен ресурстық орталық ашылады деп күтілуде. Сонымен қатар, жақын арада Таразда Елбасының «Қамқорлық» бастамасы аясында оңалту орталығы және мүгедек балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинеті ашылады.

Фотолар «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының баспасөз қызметінен алынды

Өзгелердің жаңалығы