Қазақстанның тағы бір қаласында жаңа жылға арналған отшашу атылмайтын болды

14 Желтоқсан 2020, 13:30
2070
Бөлісу:
Қазақстанның тағы бір қаласында жаңа жылға арналған отшашу атылмайтын болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алаңда қойылымдар мен отшашулар болмайтын кезекті қала Қызылорда болды. Олар шыршаға, ойыншықтарға және мерекелік жарықтандыруға ақша жұмсаудан бас тартты.

2 жыл бұрынғы жасыл шырша орнатылады. Ол 25 желтоқсанға жоспарланып отыр. Қала бұрыннан сақталған заттармен безендіріледі, ал үнемделген қаражат жақсы мақсаттарға жұмсалмақ.

Пандемия кезінде бұрын мерекелік іс-шараларға деп бөлінген барлық қаражат әлеуметтік проблемалар мен қажеттіліктерді шешуге бағытталды. Биыл көшелерді жаңажылдық безендіру үшін былтырғы гирляндалар, инсталляциялар мен өзге де әшекейлерді пайдалануды жоспарлап отырмыз, - деп түсіндірді Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы қаласында жаңажылдық отшашу болмайтыны айтылған еді. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа жылдық безендіру болмайды. Бөлінген ақша бюджетке қайтарылған.

Өзгелердің жаңалығы