AlmaU азаматтық қоғамның дамуына үлес қосып отырған оқу орны - министр

14 Желтоқсан 2020, 12:26
1388
Бөлісу:
AlmaU азаматтық қоғамның дамуына үлес қосып отырған оқу орны - министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Алматы Менеджмент университетінің азаматтық қоғамның дамуына қосып жатқан үлесін ерекше атап өтті.

Бүгін Алматы Менеджмент университетінде «Қоғамдық сенім және әлеуметтік капитал» атты халықаралық онлайн конференция өтіп жатыр.

Бұл конференцияның университет қабырғасында өтуі кездейсоқ емес.

Алматы Менеджмент университеті (AlmaU) - азаматтық қоғамның дамуы мен әлеуметтік әріптестіктің нығаюына ерекше үлес қосып отырған білім ордасының бірі. Азаматтық қоғам институттары халықтың әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсартуға қатысуы керек. Бұл - маңызды. Мұны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында атап өтті. Президент халықтың мемлекетке деген сенімін арттыру, «Халық үніне құлақ асатын» тұжырымдамасы арқылы мемлекетті қалыптастыру міндеттерін алға қойды, - деді Аида Балаева.

Айта кетейік, конференция ҚР Президенті жанындағы  Ұлттық сенім кеңесінің қолдауымен өтіп жатыр. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараны өткізуге 14 желтоқсан кездейсоқ таңдалмаған. Бұл символикалық күн екі маңызды оқиға - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан) мен Алматы Менеджмент университетінің  құрылған күні (12 желтоқсан) құрметіне ұйымдастырылып отыр.

Өзгелердің жаңалығы