Все новости за 12 мамыр 2022
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше жол учаскесі уақытша жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Әкімшілік полиция басқармасының келісімімен бірден бірнеше учаскеде жол төсемдеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
-
Биыл Сарыарқа ауданында 100-ден астам аула мен қоғамдық кеңістік жөнделеді – Көлгінов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Сарыарқа ауданын дамыту мәселесі жөнінде жергілікті тұрғындармен кездесті.
-
«Алматы жастары» ипотекалық бағдарламасы өтінімдер қабылдауды бастайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Ерболат Досаев жастарға арналған қалалық бағдарламаның қайта жаңғыртылғаны туралы хабарлады.
-
Мәжіліс депутаттары өңірлерде республикалық референдум өткізудің маңыздылығын түсіндірді
Алматы, BAQ.KZ. Бүгіннен бастап өңірлерде Парламенттегі саяси партиялардың барлық фракцияларының мүшелері, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттары іс-сапарға шықты. Онда депутаттар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдум өткізудің маңыздылығын түсіндірді.
-
Қарулы күштердің қатары білікті офицерлермен толығады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Радиоэлектроника және байланыс әскери институтының бесінші курс курсанттары үшін әскер тағылымдама да аяқталды.
-
673 интернет-ресурс пен сілтемелерді таратуға шектеу қойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан әлеуметтік медианы қоса алғанда, ақпараттық алаңға тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.
-
Өкінішке қарай, археология оңай олжа мен көлденең кіріс көзі секілді қабылданып барады – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев жетекші археологтарымен жиын өткізді.
-
2022–2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгеріс енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
-
Президент кепілдендірілген трансфертке қатысты заңға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022 – 2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлайды.
-
Жолда «көлігіммен біраз жерге жетіп ал, ешкімге айтпаймыз» дегендер де болды – әскери марафоншы
Тараз. BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Қарулы күштері 30 жылдың бедерінде әскери-тактикалық әлеуеті жоғары, құрылымдары жетілдірілген қуатты күшке айналды.
-
Конституциялық реформа. Қай бап қалай өзгереді. 43-бап
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ата заңымыздағы Президент міндеттері мен құқығын белгілейтін тағы бір бап – 43-бап.
-
Ел игілігі үшін жасалған маңызды қадам
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьева конституциялық референдум өткізу жөніндегі бастаманы түсіндіру мақсатымен Сандықтау ауданының мемлекеттік орган қызметкерлері, қоғам белсенділерімен кездесті.
-
Талдықорғандықтардың табиғи газға қосылуы үшін қанша қаржы қажет?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі таңда қалада газға 28,5 мың абонент қосылған. Бұл туралы Jetisy media алаңында Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев айтты.
-
Қазақстан-Түрікменстан. Жүк тасымалдаушылар мәселесін шешу жолдарын талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Сенатының төрағасы бүгін жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды.
-
Ақмола облысында белгісіз аурудан ірі қара қырылып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының Ерейментау ауданында беймәлім дерттен 19 ірі қара қырылды.
-
Солтүстік Кореяда COVID-19 жұқтырған алғашқы науқас тілкелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Кореяда алғаш рет коронавирус індетін жұқтырғандар тіркеле бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Қаржы вице-министрі қызметінен босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бахтияр Қожахметов Қаржы вице-министрі қызметінен босатылды.
-
Әділет вице-министрі лауазымынан босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азамат Әмірғалиев Қазақстан Республикасы әділет вице-министрі лауазымынан босатылды.
-
Бейсен Тәжібаев: Референдум - реформалардың басты қозғаушы күшіне айналады
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Конституцияға өзгеріс енгізер сәтте әрбір азаматтың белсендігі үлкен рөлге ие, дейді «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев.
-
Республикалық штаб өкілдері зауыт жұмысшыларымен кездесті
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының мүшелері Ақсу ферроқорытпа зауытының қызметкерлерімен кездесті.
-
Алматыда дзюдодан Азия кубогі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда 13-15 мамыр күндері Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия кубогі өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Әшімбаев Орталық Азия парламентшілерін медициналық дипломатия саласында белсенді жұмысқа шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәулен Әшімбаев бүгін Түркіменстан астанасы Ашхабадта өтіп жатқан «Орталық Азия – Ресей» парламентаралық бірінші форумға қатысты.
-
Ақтөбелік оқушылар «Клаус» мультфильмін қазақша сөйлетті
Ақтөбе облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбелік дарынды оқушылар «Клаус» мультфильмін қазақ тіліне аударып, дыбыстады.
-
Конституциялық реформа экологиялық проблемаларды шешеді
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Конституциялық реформа экологиялық проблемаларды шешеді. Бұл атыраулық экобелсенділердің пікірі.
-
Талдықорғандағы жабайы сауданың жайы не болмақ?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала орталығында белгіленбеген жерде жайма базар жасап, жабайы сауданы қыздырып отырған кәсіпкерлер жетерлік.
-
Орталық Азияның тұрақтылық және өркендеу өңірі болып қалуына мүдделіміз – Әшімбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды. Сенат төрағасы сапар барысында алғаш рет ұйымдастырылған «Орталық Азия-Ресей» парламентаралық форумына қатысты.
-
Қызайбай әйелдер арасында бокстан әлем чемпионатында жеңіліп қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай әлем чемпионатында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Алматы облысында құрылыс материалдарын шығаратын зауыттар салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында құрылыс материалдарын өндіретін 5 жаңа кәсіпорын ашылады.
-
Қазақстан мен Түркия арасындағы жолаушылар әуе тасымалы екі есеге артады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы айда екі елдің авиациялық билігі әуе тасымалын одан әрмен арттыру мен ұшу географиясын кеңейту бойынша келіссөздер жүргізеді.
-
Обырға шалдыққандар саны көбейіп барады
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өскемендегі онкологиялық орталықтың операция бөлімі. Жұмыс уақыты бастала сала хирургтер ота жасауға кіріскен.
-
Мәжілісмендер дәрігерлермен кездесті
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Парламент мәжілісінің бір топ депутаты Павлодар облысына жұмыс сапарымен келді. Басты мақсат – Конституцияға өзгертулер енгізу мен референдумды өткізу бойынша түсіндіру жүргізу.
-
Мәжіліс депутаттары «Астана-Тазалықтың» ұжымымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаттары Павел Казанцев, Нұрбек Саясат, Лариса Павловец және Динара Закиева өндірістің еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
-
Мусин: Қазақстан мен Түркияның бірлескен венчурлық қорын құру мәселесі талқылданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.
-
Референдум. Экс-президенттердің Конституциялық кеңесте болу құқығы алынып тасталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әділет вице-министрі Алма Мұқанова Орталық референдум комиссиясында өткен семинар кезінде мәлімдеді.
-
Тоғжанов 9 мамыр мерекесінің атауы мен мазмұнын өзгерту туралы пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов 31 мамырға қарай саяси қуғын-сүргін қүрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияның жұмысына қорытынды берілетінін айтты.
-
Былтыр жол бойындағы белгілерді ұрлаудан 60 млн теңге шығын келген
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Елдімекендер маңында жол белгілері мен құралдарын ұрлау тыйылмай тұр. Бұл туралы «Қазақавтожол» ЖШС-нің Алматы облыстық филиалының бас инженері Берік Сарқытбаев айтты.
-
Референдум. Насихаттау жұмыстары қалай жүргізіледі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясы ақпараттық талдау және коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі Әйгерім Тәжиева мәлімдеді.
-
Шымкентте үшем дүниеге келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте бес баланың анасы үшемді дүниеге әкелді. Қалалық перинаталдық орталықтың дәрігерлері үш сәби мен анасын бүгін перзентханадан сән-салтанатпен шығарып салды.
-
Күлтегін ескерткіші мәтінінің аудармалар жинағы таныстырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен «Дүниежүзі түркологтарының мерейтойлары: тарихы және қазіргі заман» атты халықаралық онлайн семинар өтті.
-
Сердәлі: Ғаламторды қанша жерден мақтасақ та, ол газет пен журналдай бола алмайды
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда отандық бұқаралық ақпарат құралдары соңғы жылдары қарқынды дамып келеді.
-
Қазақстандық оқушылар алғаш рет дүниежүзілік гимназиадаға қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан алғаш рет Дүниежүзілік оқушылар гимназиадасына қатысады.
-
Әр пациент психологиялық қолдауға мұқтаж – нарколог
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ресми деректер бойынша Ақмола облысында 411 нашақор наркологиялық есепте тұр. Өкінішке орай есірткіден толыққанды бас тартып, ел қатарлы өмір сүруге талпынатындар өте аз.
-
Қазақстанда орыс тілінің ресми мәртебесі алынып тасталады – фейк
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. WhatsApp қолданушылары «Қазақстанда орыс тілінің ресми мәртебесі алынып тасталатыны» туралы ақпаратпен бөлісіп жатыр. Stopfake.kz бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
-
Шілдеден бастап Қазақстан мен Германия арасында әуе рейстері көбеймек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шілде айынан бастап Қазақстан мен Германия арасында аптасына 15 рейс ұшады.Оның ішінде Орал – Франкфурт бағыты бойынша да рейстер бар.
-
Әуежайдың шекарасында қалып қойған саяжайлармен не болмақ?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Естеріңізде болса, былтыр Талғарда ұшақ құлап, аудандық әкімдік заңды белден аса отырып, халыққа жер телімдерін заңсыз сатқан деген айп тағылған еді.
-
Біртанов ісі: Негізгі сот отырысының уақыты белгіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сот бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевке қатысты істің негізгі сот отырысының күнін белгіледі.
-
Неміс тарапы Жаңа Қазақстанның реформаларын қолдайды – Хармс
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Германия экономикасы шығыс комитетінің атқарушы директоры Михаэль Хармс Қазақстан-Германия бизнес форумында айтты.
-
Серік Шәпкенов: Жастарды ауылға тарту үшін оларға жағдай жасауымыз қажет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімі Серік Шәпкенов Исатай ауданына жұмыс сапары аясында Аққыстау ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
-
Қазақстан мен Германия 200 млн доллардың 11 келісімшартын жүзеге асырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров Қазақстан-Германия бизнес форумның кулуарында айтты.
-
Алматы облысында биыл 60 мың шаршы метр жол жөнделеді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «Қазақавтожол» ЖШС-нің Алматы облыстық филиалының бас инженері Берік Сарқытбаев жолдардың бүлінуіне әкелетін негізгі факторларды айтып берді.
-
Kaspi.kz арқылы зейнетақы мен жәрдемақы алу бұрынғыдан да жеңілдей түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді eGov.kz сайтында зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау үшін өтінім берген кезде төлемдерді Kaspi.kz арқылы алғыңыз келетінін көрсетуге болады.
-
Скляр неміс тарапына елімізде дуалды білім енгізуге жәрдемдесуге өтініш білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстан-Германия бизнес форумында айтты.
-
Оқушыны зорлау оқиғасы: БҒМ Алматыдағы жекеменшік мектепті тексереді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым министрлігі Алматыдағы «Мариям» жекеменшік мекемесін тексереді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
-
Омбы облысы мен Қазақстан: ынтымақтастықтың жаңа деңгейі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаевтың Омбы облысына жұмыс сапары өтті.
-
Қазақстанда неміс капиталының қатысуымен 1000-ға жуық кәсіпорын жұмыс істейді – Скляр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстан-Германия бизнес форумында айтты.
-
Қорғаныс министрлігінде бокстан халықаралық турнир өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігінің Алматыдағы Орталық спорт клубының базасында Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған дәстүрлі бокс турнирі өтіп жатыр, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
-
Ақтөбе облысының тұрғыны үйде қару-жарақ арсеналын сақтаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысының тұрғыны үйде қару-жарақ арсеналын сақтаған, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Оқыту платформасы. Елде 8,7 мың жұмыссыз азамат курстан өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Былтыр шілде айында skills.enbek.kz онлайн кәсіптік оқыту платформасы іске қосылған сәттен бастап 14,3 мыңнан астам қазақстандық, оның ішінде 8,7 мың жұмыссыз азамат курстан өткені туралы сертификат алды. Платформада 24,3 мың адам тіркелді, оның 10,8 мыңы 2022 жылы тіркелген.
-
Талдықорған қаласында 30 мыңнан астам адам жер теліміне кезекте тұр
Алматы, BAQ.KZ. Облыс орталығында бүгінде 30520 адам жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер теліміне кезекте тұр.
-
Президент фотографтары
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БОРТ N1 телеграм арнасы Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен әлеуметтік желілердегі оқырмандардан түсіп жатқан сауалдарға байланысты фотолар мен видеоларды әзірлейтін, қас-қағым сәтті қалт жібермейтін кәсіби мамандарын таныстырды.
-
Шымкентте Ассамблея мүшелері референдумның маңызына арналған жұмыс жиынын өткізді
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Шымкентте қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Конституция реформасы бойынша республикалық референдумның маңызын талқылады. Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханада өткен жұмыс жиынында Шымкент қалалық ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары Батырбек Жалмұрзаев, «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігі төрайымының орынбасары Артықбай Базарбайұлы Үсембай, қалалық түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Латипша Қаймаханұлы Асанов, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің қалалық өкілдігінің жетекшісі Нұрболат Мейірбеков сөз сөйледі.
-
Қазақстандық спортшы Сурдлимпиада ойындарының жеңімпазы атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Бразилияда өтіп жатқан 24-ші жазғы Сурдлимпиада ойындарында грек-рим күресінен жарыстар аяқталды.
-
Ел аумағынан металдардың сынықтары мен қалдықтарын шығаруға уақытша тыйым салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда ел аумағынан қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын шығаруға уақытша тыйым салынды.
-
Алматыда жекеменшік мектептің үш оқушысы 1-сыныптың баласын зорлаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда жекеменшік мектептердің бірінде 7-сыныптың үш оқушысы 1-сыныптың оқушысын бірнеше күн бойы зорлаған. Бұл туралы «Не молчи» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі Facebook-тегі парақшасында жазды.
-
200 мың адамға газ жеткізіледі – Көлгінов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Алматы және Сарыарқа ауданының 200 мың адамына газ жеткізілетінін айтты. Ал 2022 жылы Байқоңыр және Есіл аудандарын газдандыру жұмыстары жүргізіледі.
-
Әйелдердің зейнет жасын төмендету мәселесі күн тәртібінде тұр – Тоғжанов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов зейнетке шығу жасын төмендету мәселесіне қатысты пікір білдірді.
-
Референдумға кімдер қатысады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Әділет вице-министрі Алма Мұқанова мәлімдеді.
-
Атырау облысында тұрғындар заңсыз сақталған қаруларын полицияға тапсырып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құрманғазылық тұрғындар тіркелмеген заңсыз қаруларын полицияға тапсырып, сыйақы иеленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Референдум. Конституцияға өзгерістер 11 өңір халқының жақтап дауыс беруіне қарай енгізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Әділет вице-министрі Алма Мұқанова мәлімдеді.
-
Инфляция бұрын соңды болмаған көрсеткішке жетті – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет кулуарында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров азық-түлік бағасының өсуіне қатысты пікір білдірді.
-
Конституциядағы өзгерістерге байланысты бірқатар аймақта онлайн отырыс өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚРКФ Республикалық штабының төрағасы Нұрлан Өтешевтің жетекшілігімен Қазақстан Республикасының Конституциясына толықтырулар мен өзгерістер енгізу бойынша референдумды қолдау мақсатында Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласы аймақтық штабтарының Үйлестіру кеңестерінің онлайн отырысы өтеді.
-
Көмірді халыққа қолжетімді ету үшін не жасалып жатыр?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында алдағы жылыту маусымында халықты көмірмен қолжетімді бағамен, үзіліссіз қамтамасыз ету үшін не жасалып жатқанын айтты.
-
Мұқанова: Референдум өткізу - демократиялық институттардың дамуын көрсетеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Әділет вице-министрі Алма Мұқанова мәлімдеді.
-
Референдум өткізуге 16 млрд-тан астам теңге бөлінді – Қаржы министрі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Республикалық референдум өткізуге қанша қаржы бөлінеді?
-
Қандай өңірлер жылытуда ерекше назарды талап етеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Келесі жылыту маусымына дайындық кезеңінде ерекше назар аударуды талап ететін бірқатар өңір айқындалды. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты.
-
Жамбылда интернет алаяқтықпен кәсіби айналысқан 70-тен астам адам жазаланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Криминалдық полиция басқармасы басшысының орынбасары, полиция полковнигі Мақсат Жүсіпов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
-
Смайылов: Үкімет инфляцияны тежеу бойынша тиісті шараларды қабылдауда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Экономиканың нақты секторының қарқынды дамуының нәтижесінде 4 айдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім 4,4%-ке дейін өсті. Бұған негізінен өңдеуші өнеркәсіп салалары оң ықпал етті.
-
Елордалық мұғалімдер ең жоғары жалақы алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауылдық жерлерде мұғалімдердің саны азайып, қалаларда керісінше өсіп келе жатыр. Сонымен қатар елорда мектептерінде жұмыс істейтін мұғалімдердің жалақысы басқа өңірлермен салыстырғанда ең жоғары екені анықталды.
-
Мұнай бағасының көтерілуінен Ұлттық қордың түсімі 5 есеге өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық банктің алтынвалюта активтері жыл басынан бері валюталық интервенциялар, екінші деңгейлі банк шоттарындағы қалдықтардың және сыртқы борыш бойынша төлемдердің есебінен 851 млн долларға төмендеп, 33,5 млрд долларды жетті.
-
Азық-түліктің әлемдік бағасы жоғары деңгейде сақталып отыр – Пірматов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлемде инфляциялық қысым геосаяси шиеленістің салдарынан күшейіп отыр, ол және тауар жеткізіліміндегі проблемаларды ушықтыра түсті.
-
Электростансалардағы ақаулар 20 пайызға өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов өзінің жылыту маусымының қорытындысы мен келесі жылыту маусымына дайындық туралы сөзінде айтты.
-
Ұлттық банк: Сәуір айында теңге 4,6 пайызға нығайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сәуірде жаһандық қаржы нарықтарындағы құбылмалылықтың жалғасуына қарамастан, теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 445,62 теңгеге дейін немесе 4,6%-ға нығайды.
-
ҚМДБ төрағасы Дүниежүзілік ислам лигасының бас хатшысымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Эр-Рияд қаласында Дүниежүзілік ислам лигасының бас хатшысы шейх, доктор Мұхаммед ибн Абдулкарим әл-Иссамен кездесті.
-
Азық-түлік бағасының жылдық өсімі 15,4%-дан 17,9%-ға дейін өскен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты.
-
Экономикалық өсім көрсеткіші жоғары өңірлер аталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров республикадағы өңірлердің экономикалық өсу қарқыны тоқталды.
-
Биыл Қазақстаннан қанша адам қажылық парызын өтеуге барады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған делегация жұмыс сапарымен Сауд Арабия Корольдігіне келді. Делегация жұмыс сапарын САК Қажылық және ұмра министрі Тауфик ибн Фаузан ар-Рабиа мырзамен кездесуден бастады.
-
Үкімет. Ел экономикасының қаңтар-сәуір айларындағы өсу деңгейі қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті.
-
Қытайда жолаушылар ұшағы өртенді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың оңтүстік-батысында жолаушылар отырған ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, өртеніп кетті, деп хабарлайды Xinhua агенттігі.
-
Бектұрғанова: Референдум - маңызды демократиялық институт
Қостанай, BAQ.KZ тілшісі. Қостанай облысында референдумды қолдау штабы құрылды. Оны еліміздің алғашқы Конституциясының авторларының бірі болған, экс Мәжіліс депутаты Сергей Жалыбин басқармақ.
-
Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша бағыт-бағдар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ата заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасы бойынша биылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды.
-
Алматыда «Ұлы дала таңы» фильмінің премьерасы өтті
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда «Қазақфильм» киностудиясы түсірген Ақан Сатаев түсірген «Ұлы дала таңы» атты тарихи экшн-драмасының таныстырылымы өтті.
-
Кербұлақ ауданында ет пен сүт өндірісіне инвестор тарту қажет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күреңбел өңірінде жайылымдық жер мәселесі тұрғындарды алаңдатады. Сол сияқты ауыз сумен қамтуда түйінді мәселелер әлі де бар. Кезінде Қоғалы картобын екінің бірі білетін.
-
Алматыда 4 жасар бала шұңқырдағы суға құлап, көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Алатау ауданы «Қарасу» шағынауданында болған.
-
Алтын-Емелде ерекше қар барысы фототұзаққа түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы «Алтын-Емел» МҰТП-ның facebook-тегі парақшасында жарияланды.
-
Жеті өңірде дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің бірқатар өңірінде найзағай ойнап, қатты жел соғады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
-
Павлодар облысында жаңа суару жобалары жүзеге асырылуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төрт жоба «Қазсушар» РМК арқылы өтеді. Егістікке су беруді қамтамасыз ету үшін оларға инженерлік инфрақұрылым тартылады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
-
Пробация есебіндегі үш адам жұмысқа тұрғызылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда қалалық пробация есебіндегі 3 сотталған жұмысқа тұрғызылды, деп хабарлады Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.
-
Түркістан облысында 105 елді мекендегі әлеуметтік-инфрақұрылымдық нысандар жөнделеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында 105 елді мекендегі әлеуметтік-инфрақұрылымдық нысандардың жағдайы жақсаратын болады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
-
COVID-19: Бейжіңде мектеп пен балабақша онлайнға ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай астанасында коронавирус індеті басылған жоқ. Үш аптада 800-ден астам адам ковид жұқтырған. Бұл туралы "Хабар24" хабарлады.
-
СҚО-да дін саласындағы құқық бұзушылықтың 9 фактісі анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстанда дін саласындағы құқық бұзушылықтың 9 фактісі анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Павлодарлық палуандар қазақ күресінен ел чемпионатында жеті медаль жеңіп, рекорд орнатты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5-8 мамыр аралығында Талдықорған қаласында қазақ күресінен жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтті, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
-
Бивол "Канеломен" айқасу үшін өз шартын қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Дмитрий Бивол (20-0, 11 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен реванш өткізу үшін өз талабын қойды, деп хабарлайды Vesti.kz.
-
Өскеменде референдумды қоғамдық қолдау штабы құрылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде референдумды қоғамдық қолдау штабы құрылды. Бұл туралы altaynews.kz хабарлады.
Наверх