Скляр неміс тарапына елімізде дуалды білім енгізуге жәрдемдесуге өтініш білдірді

12 Мамыр 2022, 14:40
1481
Бөлісу:
Скляр неміс тарапына елімізде дуалды білім енгізуге жәрдемдесуге өтініш білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстан-Германия бизнес форумында айтты.

Біздің еліміздің Еуропаға жүк жеткізудегі транзиттік Ел ретіндегі маңызы артып келеді. Үкімет қызметінің маңызды бағытының бірі – Қазақстан экономикасының түрлі секторы үшін маман даярлау. Қазіргі кезде экономикалық көрсеткіштердің ұзақ мерзімді өсуі үшін жоғары кәсіби мамандар қажет. Қазір колледждерде білім беру процесін ұйымдастыру мәселесі бойынша нормативтік-құқықтық актілер қайта қаралып жатыр. Дуалды оқытуды дамыту колледждердің өндірісімен барынша ықпалдасу негізінде жүзеге асырылады, – деді Роман Скляр.

Ол атағандай, бұл тұрғыда прогрессивтік неміс тәжірибесі ерекше маңызға ие.

Осыған байланысты герман тарапына біздің республикада техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға және дуалды білім беруді енгізу жөнінде жәрдем көрсету жөнінде өтініш білдіргім  келеді. Логистикалық жеткізілім тізбегінің бұзылуы мен әлемде азық-түлік бағасының өсуі дағдайында азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі екі есе артып отыр, – деді Скляр.

Өзгелердің жаңалығы