Әйелдердің зейнет жасын төмендету мәселесі күн тәртібінде тұр – Тоғжанов

12 Мамыр 2022, 12:35
2578
Бөлісу:
Әйелдердің зейнет жасын төмендету мәселесі күн тәртібінде тұр – Тоғжанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов зейнетке шығу жасын төмендету мәселесіне қатысты пікір білдірді.

Бұл мәселе талқыланады. Шынымды айтсам, бұл қиын сұрақ. Бұл жерде біз  халықаралық тәжірибені ескереміз.  Жалпы алғанда халықаралық тәжірибені алып қарасақ, зейнет жасын төмендемеген. Қазір сіз айтып отырған мәселені тек кеншілер емес, мүгедек балалы аналар да  көтеруде.  Сондықтан біз жыл соңына дейін әлеуметтік кодексте барынша талқыға саламыз, - деді Үкімет кулуарында ол.

Айтуынша, әлеуметтік кодекс жыл аяғына қарай қабылданады.

Оған дейін бірнеше талқылау жүреді. Әйелдердің зейнет жасы қазір 60 жас мөлшерінде. 2027 жылға дейін осы қалыппен ұзарады. Сондықтан күн тәртібінде бұл мәселе тұр, - деді Ералы Тоғжанов.

Өзгелердің жаңалығы