Үкімет. Ел экономикасының қаңтар-сәуір айларындағы өсу деңгейі қандай?

12 Мамыр 2022, 10:18
1205
Бөлісу:
Үкімет. Ел экономикасының қаңтар-сәуір айларындағы өсу деңгейі қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті.

Биыл қаңтар-сәуір айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,4 пайызға жетті. Негізгі трендтер бойынша есепті кезеңде нақты сектор өсімнің жеделдеуі, экспорт көлемінің үдемелі ұлғаюы, қызмет көрсету секторындағы тұрақты динамика байқалуда. Нақты сектордағы өсім 5,1 пайызды құрады. Қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 3,4 пайызға дейін өсті, - дейді Әлібек Қуантыров.

Министрдің атап өутінше, салалар арасында сауда, құрылыс, көлік және қоймалау, ақпарат және байланыс, өңдеу өнеркәсібі, сумен жабдықтау, тау-кен өндіру өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы оң өсім көрсетуде.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 2,3 пайызды құрады. Тау-кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 0,7%-ті құрады. Инвестициялар білім беруде – 87 пайыз, мемлекеттік басқару;  әлеуметтік  қамсыздандыруда  –  74,1 пайызға,  құрылыс саласында – 61,9 пайызға, ғылыми және техникалық қызметте – 53,7 пайызға өсті, - деді Ұлттық экономика министрі. 

Өзгелердің жаңалығы