Қарулы күштердің қатары білікті офицерлермен толығады

12 Мамыр 2022, 22:15
1392
Бөлісу:
Қарулы күштердің қатары білікті офицерлермен толығады
PHOTO VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Радиоэлектроника және байланыс әскери институтының бесінші курс курсанттары үшін әскер тағылымдама да аяқталды. 

Олар бір айға жуық уақыт ішінде еліміздің Қарулы күштеріндегі түрлі әскери бөлімдерде қызмет етті. Осылайша болашақ офицерлер өздерінің болашақ мамандықтарының қыр-сырларын меңгерді. 

Қарулы күштердің қатары білікті офицерлермен толығады

Бауыржан, Өмірбай және екі Әли есімді аттас төрт курсант Тараз қаласында, яғни «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында әскери тағылымдамадан өтті. Байланыс, автоматтандырылған басқару жүйесі және киберқауіпсіздік саласының болашақ мамандары бес жылдық жоғары білімдерін тәжірибе жүзінде жүзеге асырып көрді. 

Қарулы күштердің қатары білікті офицерлермен толығады

Курсанттар үшін Тараз гарнизонындағы байланыс бөлімшесінде өткен бұл әскери тағлымдама екінші және соңғысы болып саналады.  Олардың әскери қызметпен тәжірибе жүзінде алғаш танысуы өткен жылы, яғни төртінші курста оқыған кезде болды. Ал биылғы жылы Радиоэлектроника және байланыс әскери институтының курсанттары оқуын аяқтайды, әскерлердегі қорытынды тағылымдама олар үшін болашақ мамандыққа кірер алдындағы соңғы практикалық емтихан болды. Олар бала кезінен әскери адам болуды армандаған. Алға қойған мақсаттары айқын балалар еш ойланбастан мектепті бітіргеннен кейін еш ойланбастан жоғары әскери оқу орынға барған. 

Қарулы күштердің қатары білікті офицерлермен толығады

Осылайша жүректері патриоттық сезім мен рухқа толы курсанттардың әскери тағлымдамасы да аяқталды. Аз уақыттардан кейін олар институтты бітіріп, лейтенант атағына ие болады. Солайша еліміздің Қарулы күштерінің қатары білікті де білімді офицерлермен толығады. 

Қарулы күштердің қатары білікті офицерлермен толығады

Өзгелердің жаңалығы