Референдум. Экс-президенттердің Конституциялық кеңесте болу құқығы алынып тасталады

12 Мамыр 2022, 17:47
1695
Бөлісу:
Референдум. Экс-президенттердің Конституциялық кеңесте болу құқығы алынып тасталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әділет вице-министрі Алма Мұқанова Орталық референдум комиссиясында өткен семинар кезінде мәлімдеді. 

Президенттің лауазымына байланысты шектеулерге тоқталсақ. Бұл бірінші кезекте Президенттің жақын туыстары үшін саяси лауазымдар мен квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымдарды атқаруға шектеу болып табылады. Екіншіден, Президенттің өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияда болуына шектеу қою. Бұдан әрі Президенттің өңір әкімдерінің актілерінің күшін жою және тоқтата тұру, аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің әкімдерін босату құқығы алынып тасталады. Көріп отырғаныңыздай, Президенттің өкілеттіктері қысқарып жатыр, бұл «суперпрезиденттік басқару үлгісінен» бас тартуды білдіреді, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Сонымен қатар вице-министр экс-президенттерге қатысты қандай нормалар алынып тасталатынына тоқталды. 

Мәселен, бірінші Президентке 2 реттен артық сайлану мүмкіндігімен;  оның қызметін жекелеген Конституциялық заңмен реттеумен;  Тұңғыш Президент іргесін қалаған Республика қызметінің түбегейлі принциптерінің және және оның мәртебесінің өзгермеуімен байланысты 3 норма алып тасталады. Сонымен қатар экс-президенттердің Конституциялық Кеңесте болу құқығын алып тастауды жеке атап өткен жөн, - деді Алма Мұқанова. 

Еске сала кетейік, бұған дейін референдумды насихаттау жұмыстары қалай жүргізілетіні туралы жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы