Ұлттық банк: Сәуір айында теңге 4,6 пайызға нығайды

12 Мамыр 2022, 10:44
1418
Бөлісу:
Ұлттық банк: Сәуір айында теңге 4,6 пайызға нығайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сәуірде жаһандық қаржы нарықтарындағы құбылмалылықтың жалғасуына қарамастан, теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 445,62 теңгеге дейін немесе 4,6%-ға нығайды.

Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты. 

Сәуірде шетел валютасына сұраныстың айтарлықтай азаюы байқалды. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 179 млн АҚШ долларынан 92 млн АҚШ долларына дейін азайды, - деп мәлімдеді Ұлттық банк төрағасы.

Ол валюта нарығына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді сатуы қолдау көрсетті, олардың көлемі сәуірде шамамен 253,2 млн АҚШ долларын жеткенін атап өтті.

Республикалық бюджетке берілетін трансферттерді қамтамасыз ету үшін сәуірде Ұлттық қордан 168,3 млн АҚШ доллары сатылды. Ұлттық қордан сатудың үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінің 8,7%-ын құрады. Ішкі валюта нарығындағы жағдайдың тұрақтануы аясында Ұлттық банк сәуір айында валюталық интервенцияларды жүргізген жоқ. Қысқа мерзімді перспективада геосаяси жағдайдың белгісіздігінен теңгенің құбылмалылық тәуекелі сақталады. Ұлттық банк теңгерімсіздіктің жинақталуына жол бермейтін және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін еркін бағам режимін ұстануды жалғастырады, - деді Пірматов Үкімет отырысында. 

Өзгелердің жаңалығы