Қытайда жолаушылар ұшағы өртенді

12 Мамыр 2022, 10:10
1243
Бөлісу:
Қытайда жолаушылар ұшағы өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың оңтүстік-батысында жолаушылар отырған ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, өртеніп кетті, деп хабарлайды Xinhua агенттігі.

Оқиға бейсенбіде жергілікті уақыт бойынша сағат 08.00-де болған. Tibet Airlines қытайлық әуекомпаниясының A319 әуелайнерінде 122 адам отырған. Ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, Чунцин әуежайының маңында өртеніп кетті. 

Барлық 113 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі қауіпсіз жерге шығарылды. Жарақат алған 40-тан астам жолаушы ем алу үшін қалалық ауруханаларға жеткізілді. Қазіргі уақытта Чунцин Цзянбей халықаралық әуежайында ұшу-қону рейстері қалыпты жағдайға оралды. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы