Экономикалық өсім көрсеткіші жоғары өңірлер аталды

12 Мамыр 2022, 10:29
1917
Бөлісу:
Экономикалық өсім көрсеткіші жоғары өңірлер аталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров  республикадағы өңірлердің экономикалық өсу қарқыны тоқталды.

Оның айтуынша, өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш Шымкент қаласында, сондай-ақ Ақмола облысында және Алматы қаласында байқалуда.

Сондай-ақ министрдің мәлімдеуінше,  қаңтар-наурызда сыртқы сауда тауар айналымы 45,3%-ке өсіп, 28,7 млрд АҚШ долларына жеткен. Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 65,8%-ке өсіп, 19,1 млрд АҚШ долларына дейін жетті. Бұл ретте, өңделген тауарлар экспорты 32,4%-ке артып, 5,3 млрд АҚШ долларына дейін өскен.

Тауарлар  импорты  9,5  млрд  долларды құрады. Жалпы, оң сауда балансы жақсарып, 9,6 млрд АҚШ долларына дейін өсті. Өңдеу өнеркәсібінде серпінді өсу үрдісі байқалып отыр. Осы жылдың қаңтар-сәуір айларында өндіріс көлемі 5,8%-ке өсті. Барлық өңір бойынша оң өсу көрсеткіші тіркелді. Ең жоғарғы өсу Алматы қаласында, сондай-ақ Атырау және Жамбыл облыстарында байқалып отыр, - деді Әлібек Қуантыров.

Ведомства басшысының сөзіне қарағанда, биыл өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісінің 9,4%-ке, оның ішінде компьютер, электронды және оптика құралдарын жасау – 19,7%-ке, автомобиль жасаудың  –  18,6%-ке  өсуі  байқалды.  

Жалпы, құрылыс материалдары – 9,5%-ке, сусындар – 18,7%-ке, пластмасса бұйымдары – 14,3%-ке, дайын металл бұйымдары – 10,8%-ке, фармацевтика өнімдері – 6,4%-ке, киім өндірісінің – 13,8%-ке өсуі қамтамасыз етіліп отыр , - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы