Алматы облысында биыл 60 мың шаршы метр жол жөнделеді

12 Мамыр 2022, 14:50
1956
Бөлісу:
Алматы облысында биыл 60 мың шаршы метр жол жөнделеді
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «Қазақавтожол» ЖШС-нің Алматы облыстық филиалының бас инженері Берік Сарқытбаев жолдардың бүлінуіне әкелетін негізгі факторларды айтып берді.

Оның айтуынша, мекеме республикалық маңызы бар жолдарды күтіп, баптап ұстау жұмыстарын ұйымдастырады. Биылғы жоспар бойынша республика бойынша 473 мың шаршы метр, ал облыстағы бүлінген жолдың 60 мың шаршы метрін жамау, қалыпқа келтіру қарстырылып жатыр. 

Алматы облысында биыл 60 мың шаршы метр жол жөнделеді

Қазір Алматы - Талғар - Бәйдібек би республикалық маңызы бар авто жолында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жөндеу жұмыстары жолдың болашақта одан әрі бүлінбеуі үшін қолға алынды, яғни жолдың сақталу мерзімін ұзарту үшін. Жолдағы шұңқырларды жамаумен қатар жол жиегіндегі белгілерді, қоршауларды, ақпараттық паноларды ауыстырып, тазалық жұмыстарын жүргіземіз. Жолды жөндеу жұмыстарын сәуір-мамыр екі айда аяқтаймыз, күзде тағы жалғастырамыз, өйткені жаңбыр суынан тағы бүлінеді, - деді ол.

Алматы облысында биыл 60 мың шаршы метр жол жөнделеді

Сондай-ақ ол жолдардың бүлінуіне әкелетін негізгі факторларды атады.

Алматы облысында биыл 60 мың шаршы метр жол жөнделеді

Жолды бүлдіретін негізінен ауыр жүк көліктері. Қазір 70 тонналық көліктер бар, біздің жолдар оған есептелмеген. Әсіресе көктемде жер жұмсарғанда жолдар көп бүлінеді. Сондықтан көктем мезгілінде жүкті 8 тоннадан асырмау жөнінде шектеулер қойылады. Бірақ оны сақтағысы келмейтіндер бар. Қардың еруі, жаңбыр суы да жолдың тез желініп, бүлінуіне әкеледі, - дейді Берік Сарқытбаев.

Алматы облысында биыл 60 мың шаршы метр жол жөнделеді

Айта кетсек, жолдарды салумен «ҚазАвтоЖол» мекемесі айналысады, ал оны ары қарай күтіп,  баптап ұстау «Қазақавтожол» мекемесіне тиесілі.

Өзгелердің жаңалығы