Қандай өңірлер жылытуда ерекше назарды талап етеді?

12 Мамыр 2022, 11:16
1212
Бөлісу:
Қандай өңірлер жылытуда ерекше назарды талап етеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Келесі жылыту маусымына дайындық кезеңінде ерекше назар аударуды талап ететін бірқатар өңір айқындалды. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты.  

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл ЖЭО жұмысын қалыпқа келтіру бойынша Жол картасының уақытылы орындалмау қаупі бар, Ақмола облысы Степногорск қаласының жылу желілерінің техникалық жағдайына қатысты мәселелер бар, Қарағанды облысы жылыту маусымында Теміртау, Жезқазған және Балқаш қалаларының жылумен жабдықтау жағдайы назар аударуды талап етеді, Түркістан облысы Кентау қаласының ЖЭО және жылу желілерінің техникалық жай-күйі алаңдаушылық туғызады, – деді министр.  

Болат Ақшолақов алдағы жылыту маусымына дайындық ұйымдасқан түрде жүргізіліп жатқанын хабарлап, аталған мәселелерді шешу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. 

Алдағы жылу беру маусымына 47 мыңнан астам көпқабатты тұрғын үйді, 11 мың  білім беру және 5 мыңға жуық денсаулық сақтау объектілерін дайындау қажет. Сондай-ақ шамамен 4 мың шақырым жылумен жабдықтау желілерін, 10 мың дербес қазандық қондырғыларын және 13 мың шақырым сумен жабдықтау және су бұру желілерін даярлау қажет, – деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы