673 интернет-ресурс пен сілтемелерді таратуға шектеу қойылды

12 Мамыр 2022, 22:03
1168
Бөлісу:
673 интернет-ресурс пен сілтемелерді таратуға шектеу қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан әлеуметтік медианы қоса алғанда, ақпараттық алаңға тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.

Мониторингте республикалық және өңірлік баспа БАҚ, телеарналар, отандық және шетелдік интернет-ресурстар қамтылған.

2022 жылғы 1-30 сәуір аралығында «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-1 бабының 1-1 тармағына сәйкес уәкілетті органның ұйғарымымен 673 интернет-ресурстар мен сілтемелерді таратуға шектеу қойылды.

Бұзушылықтардың түрлері бойынша:

- экстремизмді насихаттау – 5;

- порнографияны тарату – 133;

- есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын насихаттау – 20;

- ойын бизнесі – 272;

– жарнама – 24;

- әкімшілік құқық бұзушылық – 4;

- алаяқтық – 197;

- баланың денсаулығына, адамгершілік және рухани дамуына зиян келтіретін ақпаратты орналастыру – 18.

Бұдан басқа, Комитет БАҚ-ты есепке қою бойынша жұмыс жүргізеді. 

Ағымдағы жылдың сәуір айында Қазақстанда 22 БАҚ тіркелген, оның 7 мерзімді баспа басылымдары, 14 ақпараттық агенттіктер және желілік басылымдар. (6 АА, 8 ЖБ) 1 шетелдік телеарна.

Сондай-ақ, 38 БАҚ қайта есепке алынды.

Осылайша, 2022 жылғы 3 мамырдағы жағдай бойынша: Қазақстанда 5173 БАҚ тіркелген, оның ішінде 3672-сі мерзімді баспа басылымдары, 191-і  телеарналар, 84-і радио, 948-і ақпараттық агенттіктер және желілік басылымдар. (533 АА, 415 ЖБ).

Отандық БАҚ – 4895

Шетелдік БАҚ - 278.

Тіркелген БАҚ-тың жалпы санының ішінен ең көбі – 3672 – баспа тобы; оның ішінде 2179 газет және 1493 журнал.

Өзгелердің жаңалығы