Өскеменде референдумды қоғамдық қолдау штабы құрылды

12 Мамыр 2022, 00:09
1537
Бөлісу:
Өскеменде референдумды қоғамдық қолдау штабы құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде референдумды қоғамдық қолдау штабы құрылды. Бұл туралы altaynews.kz хабарлады.

Ағымдағы жылдың 5 маусымында Республикалық референдум өткізілетіні, оны өткізу туралы Жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қол қойғаны белгілі. Соған сәйкес ел Конституциясының 33 бабына 56 түзету енгізу жоспарлануда.

Атап айтқанда, Қазақстанның негізгі Заңының жаңа редакциясында Президенттің тең дәрежелі мәртебесін барлық саяси партиялар мен қозғалыстарда бекіту қарастырылмақ. Яғни, Президент ешбір саяси партияның мүшесі бола алмайды. Мемлекет басшысының жақын туыстары үшін квазимемлекеттік секторда саяси лауазымдар мен басшылық лауазымдарды атқаруға тыйым салу көзделген.

Өскемендегі азаматтық қоғамның белсенді өкілдері референдум бойынша қалалық қоғамдық штаб құру туралы шешім қабылдап, елдегі маңызды саяси оқиғалардан тыс қалмауға бекінген. Қоғамдық штаб Мызы көшесі, 16/1 мекенжайындағы "Альшемали" сауда үйінде орналасқан, 4 қабаттағы 426 кеңседе.

Штаб өкілдері еңбек ұжымдарын, кәсіпорындарды аралап, облыстың елді мекендеріне баруды жоспарлап отыр.

Қоғамдық бірлестіктің төрағасы, кәсіпкер Сергей Коротин штабқа кіруге саяси партиялардың, салалық қауымдастықтардың өкілдері болып табылатын 12 адам және жаңаша өзгерістерге бейжай қарамайтын жанашыр азаматтар келісім бергенін айтты. Олар әр түрлі атаулы топтарда кездесіп, әрқайсысына ұсынылған Конституциялық түзетулердің мазмұнын насихаттап, түсіндіретін болады.

Референдум саяси жүйені қайта құруға бағытталған және қоғамның мемлекетпен өзара іс-қимыл форматтарын жаңартуға сұраныстарын көрсететін болады. Конституциялық реформаның ережелері әртүрлі қоғамдық күштердің, сарапшылар мен азаматтық белсенділердің бастамаларына негізделген. Олар үкімет адамдарына есеп беретін ықпалды Парламенттің, шын мәніндегі "халықтық" мәслихаттардың жұмыс істеуі үшін тиімді тетіктерді қамтамасыз етуге арналған, – деп атап өтті Сергей Коротин.

Штабтың басқа да мүшелері алдағы конституциялық реформа еліміздің дамуындағы жаңа кезеңді белгілейтін мәлімдеді.

Біз Қазақстанның әрбір азаматы Конституцияға өзгерістер енгізу қажеттігі туралы өз пікірін білдіруге құқылы екендігіне нық сенімдіміз. Референдум нәтижелері халықтың ерік-жігері мен оның біздің болашағымызды түсінуінің айқын дәлелі болмақ, – деді штаб өкілдерінің бірі, Өскемен қалалық қоғамдық кеңес мүшесі Асқар Нұрғазиев.

Жиында бірлестіктің 5 маусымға дейін ақысыз негізде жұмыс істейтіндігі, бұл жұмысқа "ешқандай бюджет қаражаты көзделмейтіні" атап өтілді.

Бұл біздің жеке азаматтық ұстанымымыз. Облыс тұрғындарын біздің бастамамызды қолдауға шақырамыз. Алдағы референдум біздің болашағымызды айқындауға мүмкіндік береді. Еліміздің және балаларымыздың болашағы өзімізге байланысты. Дауыс беру арқылы біз қоғамды өзгертуге бағытталған жаңа саяси бастамаларға қолдау білдіреміз, – деді штаб мүшелерінің бірі Серік Оразбайұлы.

Естеріңізге сала кетейік, референдум ойдағыдай өту үшін тізімге енгізілген қазақстандықтардың жартысынан астамы дауыс беруі тиіс. Бюллетеньде бір ғана сұрақ қойылады. Жауаптың екі нұсқасы болады – «иә» немесе «қарсы».

Референдум өткізуге қатысты барлық мәселелер бойынша облыс орталығы тұрғындары кеңес беру орталығына, жедел желі телефонына – 8 (7232) 20-88-53 нөмірі арқылы хабарласа алады.

Өзгелердің жаңалығы