Республикалық штаб өкілдері зауыт жұмысшыларымен кездесті

12 Мамыр 2022, 20:09
1590
Бөлісу:
Республикалық штаб өкілдері зауыт жұмысшыларымен кездесті
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының мүшелері Ақсу ферроқорытпа зауытының қызметкерлерімен кездесті.

Еңбеккерлермен кездескен штаб құрамында облыстық мәслихат депутаттары,  облыстық Азаматтық альянс өкілдері мен саясаттанушылар болды. Кездесу барысында конституциялық рефоманың мән-маңызы, оның ел дамуына тигізер пайдасы туралы сөз қозғалды.

Облыстық мәслихат депутаты Серік Сәдуақасовтың айтуынша, әр адам референдуға қатысып, өз пікірін білдіру қажет.

Референдум мемлекет, ел мен халықтың болашағын айқындауға сеп болмақ. Зауыт қызметкерлерімен кездесіп, түсіндіру шараларын жүргіздік. Халық еліміздің бас құжаты, Ата азңымызға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар туралы хабардар болу керек. Облыстық штаб құрамында 38 адам бар. Түсіндіру жұмыстарына волонтерлер де атсалысып жатыр, - дейді Серік Сәдуақасов. 

Шара барысында зауыт мамандары қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды. 

Алда тұрған үлкен, жауапты ісіміз бар. Президент жарлығымен маусымның басында референдум өткізілмек. Елімізде өзгеріс енгізуге, Жаңа Қазақстан құруға өзіміздің күшімімізді, білімімізді сала отырып, штаб құрдық. Ата заң – ол біздің негізгі заңымыз. Қалған заңдар Конституция үлгісінде қабылданады. Референдум суперпрезиденттік басқару үлгісінен ықпалды парламентке және есеп беретін үкіметі бар президенттік республикаға түбегейлі көшіп, мәслихаттардың ықпалын арттыруды көздеп отыр, - дейді штаб мүшесі, «Әділдік жолы» қоғамдық қорының жетекшісі Нұргүл Қайырденова. 

Штаб мүшелері түсіндіру жұмыстары диалогқа негізделетін жеткізді. Алдағы уақытта қалалары мен аудандарын аралап, ел пікірін білуді жоспарлап отыр.

Өзгелердің жаңалығы