Алматыда жекеменшік мектептің үш оқушысы 1-сыныптың баласын зорлаған

12 Мамыр 2022, 12:43
2350
Бөлісу:
Алматыда жекеменшік мектептің үш оқушысы 1-сыныптың баласын зорлаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда жекеменшік мектептердің бірінде 7-сыныптың үш оқушысы 1-сыныптың оқушысын бірнеше күн бойы зорлаған. Бұл туралы «Не молчи» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі Facebook-тегі парақшасында жазды.

Алматы қаласындағы «Мариям» жекеменшік мектебінің үш 7-сынып оқушысы бірнеше күн бойы 1-сынып оқушысын сабақ үстінде әжетханада зорлаған. Сабақ үстінде мұғалім баланы жіберіп, одан қорқынышты ештеңе көрмеген. Баланың әкесі мұндай жағдай болғанын екі апта бұрын білген. Қазір жәбір көрген бала үйінде. Оны дәрігерлер мен психологтар емдеп жатыр. Ал зорлық көрсеткендер бостандықта және олардың ата-аналары да. Ал мұғалімдер ешқандай жауапкершілік алып отырған жоқ, полиция да әрекетсіз, - деп жазды Дина Таңсәрі.

Ол Бас Прокуратурадан жағдайды бақылауға алуды сұрады.

Баланы зорлады деген барлық күдіктіні сот-медициналық сараптамадан, зорлық-зомбылық фактісі бойынша тексеруді сұраймыз. Барлық қатысушымен психологиялық сараптама жүргізу қажет, - деп жазды ол.

Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі осы оқиға бойынша баланың әкесі Наурызбай аудандық полиция басқармасына 21 сәуірде арызданғанын хабарлады.

Сол күні 1968 жылы туған Г.есімді азаматтың арызы ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, нәтижесі бойынша іске қатысты заңды процессуалдық шешім қабылданады. Тергеу барысын қадағалау үшін процессуалдық прокурор тағайындалды, - деді Алматы ПД.

Сонымен қатар тергеу жан-жақтылық, толықтық және объективтілік қағидаттарын қатаң сақтай отырып жүргізіледі.

Қылмыстық істі тергеудің барысы мен нәтижесі Алматы қаласы полиция департаментінде бақылауға алынды.

Өзгелердің жаңалығы