Талдықорғандағы жабайы сауданың жайы не болмақ?

12 Мамыр 2022, 19:25
1490
Бөлісу:
Талдықорғандағы жабайы сауданың жайы не болмақ?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала орталығында белгіленбеген жерде жайма базар жасап, жабайы сауданы қыздырып отырған кәсіпкерлер жетерлік. 

Мәселен, Ақын Сара, Гаухар ана, Шевченко және Құрманов көшелерінің бойында күн сайын 80-нен астам саудагер тұрады. Жылдар бойы шешімі табылмаған мәселенің күрмеуін тарқату үшін талай жұмыс атқарылды, алайда нәтежиесі шамалы. Талдықорған қаласының жаңа әкімі де келе сала осы дүниеге көңіл бөлді. 

Ол базарлар, сауда үйлерінінің иелері мен  жабайы сауда жасайтын адамдардың  қатысуымен бірнеше рет кездесулер өткізіп үлгерген. Алғашқы қадамнан мүдделі мемлекеттік органдардың Әкімдік пен кәсіпкерлер  арасындағы жабайы сауданы жою мақсатында өзара ынтымақтастық  туралы келісімге қол жеткізілді.  

Сонымен қатар келісімдер аясында сауда үйлерінен  жалдау ақысын жеңілдете отырып орындар ұсынылды және коммуналдық базарда орын тегін берілген. 

Заңсыз сауда жасайтын саудагерлерге сауда орындарының балама нұсқалары ұсынылды. Бірақ саудагерлер бас тартты  жергілікті атқарушы органның ұсыныстарынан сауда жасау үшін қаланың орталық бөлігіндегі бір көшені беруді талап етті. Осыған байланысты 2022 жылғы 29 наурызда мемлекеттік органдардың қатысуымен стихиялық сауда мәселесін шешу бойынша көшпелі кеңес өткізілді,-дейді Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев. 

Шаһар басшысының айтуынша, ағымдағы жылдың 5 мамырында Біржан сал, ақын Сара, Шевченко көшелерінде орналасқан сауда үйлерінің басшыларымен кездесу өткізілген. Кездесу барысында сауда үйлерінің сәулеттік келбеті, іргелес аумақтың тазалығы және жаяу жүргіншілердің қозғалысын жауып тұратын заңсыз жапсарлас құрылыстар мәселелері талқыланған.

Айта кетерлігі бүгінде барлық мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін қоса отырып, стихиялық сауданы жою жөніндегі жұмыс тобы жаңартылды және іс-шаралар жоспары бекітілді.

Биыл мамырдың 11-нен бастап «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңына сәйкес сауда объектілерінің қасбеттік бөлігін ретке келтіру бойынша сауда үйлеріне хабарлама берілетін болады.

Өзгелердің жаңалығы