Все новости за 4 шілде 2022
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Атырау облысында алты айда жол апатынан 40 адам мерт болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында алты айда 153 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол апатынан 40 адам мерт болып, 189 адам әртүрлі дене жарақатын алды. Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ерлан Биғамбаевтың мәліметінше, биыл жол-көлік оқиғасы 21,4, қаза болғандар саны 60, дене жарақатын алғандар саны 11,8 пайызға өсіп отыр.
-
Алматыдан Қонаев қаласына дейін электр пойызы қатынайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімі Ерболат Досаев Алматыдан Қонаев қаласына электр пойызы жүретінін хабарлады. Бұл туралы ол 2025 жылға дейінгі даму жоспарының негізгі басымдықтары мен 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалардың жобасын жұртшылыққа таныстыру кезінде айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
-
Елімізде енді электр самокатты жүргізу үшін куәлік қажет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сағатына 50 шақырым жылдамдықпен жүретін самокатты басқару үшін A1 санатындағы жүргізуші куәлігі болуы тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Италияда көшкін жүріп, 20-ға жуық адам жоғалып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италиядағы Альпі тауындағы Мармалада мұзтауы опырылып, 19 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр деп хабарлайды Euronews.
-
Грекия өртке орануы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грекияда ауа райының аптап ыстығына байланысты өрт қауіптілігі өршіп тұр. Қатердің төніп тұрғаны туралы елдің азаматтық қорғаныс министрлігі хабарлады деп жазады Euronews.
-
Нұр-Сұлтанда биыл 1200-ге жуық қала әкімінің гранты бөлінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің сайтында педагогикалық, медициналық мамандықтар және гуманитарлық пәндер бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жоғары оқу орындарының тізбесі жарияланды.
-
Көші-қон заңын бұзған азаматтарды анықтап, 79 шетелдікті елден аластатты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының бас полицейі Мұрат Қабденовтің тапсырмасына сәйкес, өңірге заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, оған қоса заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушыларды анықтау мақсатында «Заңсыз келуші-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
-
Биыл 400 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үш айдың ішінде балаларды 1-сыныпқа қабылдауға 320 мыңға жуық өтініш түсіп үлгерді.
-
Әлемде СOVID-19 жұқтырғандар саны 549 млн-нан асып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 549 млн 183 мың 742-ге жетті. Бұған америкалық Джонс Хопкинс университетінің деректері куә болады деп хабарлады Interfax.ru.
-
Алматыда тұрмыстық қатты қалдықтардан отын өндіретін зауыт салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда 2030 жылға дейін тұрмыстық қатты қалдықтардан отын өндіретін зауыт салынады.
-
Моңғолия азаматтары Қазақстаннан Ресей арқылы жермен қатынаса алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Моңғолияға өзге елдерден Ресей шекарасы арқылы өтетін Моңғолия азаматтары бұдан былай кедендік шекара арқылы қатынаса алады.
-
Полицейлер 11,5 млн теңгеден астам шығын келтірген браконьерлер тобын ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция қызметкерлері арнайы операция жүргізу нәтижесінде облыстың 3 ауданының аумағында балық ресурстарын заңсыз өндірумен айналысқан күдіктілердің жолын кесті.
-
19 жастағы жігіт тауға көтерілмекші болып, 20 метр биіктіктен құлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тауға деген жорық тағы бір мәрте қайғылы жағдайға айналды.
-
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне стрестік активтер нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.
-
Оралда Батыс Қазақстан облысының табиғатына арналған фотобайқау өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Туған өлкеміздің табиғатын сақтайық» атты фотосуреттер байқауы қоршаған ортаға деген қамқорлықты қалыптастыруға бағытталған.
-
Қазақстан Ресеймен барлық бағыт бойынша стратегиялық серіктестікті дамытуға ниетті – Смайылов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екатеринбург қаласында XII «ИННОПРОМ» Халықаралық өнеркәсіптік көрмесі аясында Премьер-министр Әлихан Смайылов РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті.
-
Сауда рәсімдерін жеңілдететін ақпарат порталы жұмысын бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда бизнес үшін сауда рәсімдерін жеңілдететін tradeinfo.kz ақпарат порталы жұмысын бастады. Жаңа онлайн-платформа трансшекаралық сауда рәсімдері туралы ақпаратты ұсынып, оны бизнес үшін қолжетімді етеді.
-
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне қатысты тергеу басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті аймақта жоғары білім беру (бакалавриат) қызметтері нарығында бәсекелестіктің жай-күйін талдап, бағалау жүргізді.
-
Алматылық урологтар жоғары технологиялардың көмегімен зейнеткерге күрделі ота жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орталық қалалық клиникалық ауруханада несеп жолдары патологиясымен түскен 66 жастағы пациентке күрделі ота жасалды.
-
Павлодарлық екі тұрғын 800 шақырымды жүріп өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маршрут облыс аудандары бойынша жүргізіледі.
-
Смайылов шетелдік кәсіпкерлерге өнеркәсіптік кооперацияның артықшылықтары туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Әлихан Смайылов XII «ИННОПРОМ» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінің экспозициясымен танысып, ашылуында сөз сөйледі.
-
Австралияда су тасқынынан мыңдаған адам эвакуацияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сидней маңындағы қалашықтардың мыңдаған тұрғындары өз үйлерінен эвакуацияланды.
-
Парашют спортынан өткен чемпионаттың қорытындысы шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда классикалық парашют спорты және әуедегі топтық акробатикадан Қазақстан Республикасы мен Қарулы күштердің 29-шы чемпионаты аяқталды.
-
«Бақытты отбасы» бағдарламасы әйелдерді кәсіпке баулиды
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Бақытты отбасы» бағдарламасы көпбалалы аналардың кәсіптік тұрғыдан дамуына да мүмкіндік береді.
-
Баянауылда алғаш рет жүгіру жарысы өтеді
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Биылғы жазда Баянауыл өлкесіне келетін тынығушылар саны екі есе көп болмақ. Осы жазда қасиетті өңірге 120 мыңнан астам турист келеді деп күтілуде.
-
Мексикада қала әкімі қолтырауынға үйленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мексиканың Сан-Педро Уамелула қаласының әкімі Виктор Хьюго Соса қолтырауынға үйленді. Мұндай қадамға ол тұрғындарға молшылық шақыратын ежелгі салт-дәстүр үшін барған деп жазады Daily Mail.
-
«Энергетикалық алмасу: ұрпақтар сабақтастығы» атты жастар форумы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемдік мұнай-газ күн тәртібінің орталық іс-шараларының бірі – Дүниежүзілік мұнай кеңесінің «Энергетикалық алмасу: ұрпақтар сабақтастығы» .
-
Президент Бақыт Сұлтановты қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысына Қазақстанның ДСҰ-ға мүше елдер министрлерінің 12-конференциясына төрағалығының қорытындысы туралы баяндалды.
-
S&P Global Ratings: Kaspi Bank-тің кредит портфелінің сапа көрсеткіштері өте жоғары
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мықты операциялық көрсеткіштерге байланысты рейтинг «BB-/B; болжам «Жағымды» деңгейінде мақұлданды.
-
Елордада терроризмге қарсы дайындық бойынша дөңгелек үстел өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері террористік тұрғыдан осал объектілерге жататын 30-дан астам денсаулық сақтау объектілерінің басшыларымен терроризмге қарсы дайындық бойынша дөңгелек үстел өткізді.
-
Айғайлап жатқан сіз ғой. «Арт спорт» жайында жиналысқа келген ата-аналар Абаевқа сөз бермеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Артспорт» белсенділері Мәденеит және спорт министрі Дәурен Абаевпен кездесті.
-
Күрішбаев астық шаруашылығын дамыту перспективаларын ғалымдармен талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенатор Ақылбек Күрішбаев А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ұжымымен астық шаруашылығын дамытудың алдағы перспективаларын талқылады.
-
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймаққа өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев осылай деді.
-
Мемлекет басшысы Еуропа одағының президентімен телефон арқылы сөйлесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа одағының президенті Шарль Мишельмен телефон арқылы сөйлесті.
-
Қарағанды маңында саяжай тұрғындары эвакуацияланып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осевая көшесінің маңындағы орман алаңында шөптер мен ағаштар жанып жатыр.
-
Елімізде сауда порталы іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада трансшекаралық сауда рәсімдеріне қатысты қадамдық ақпаратты ұсынатын сауда порталы ресми іске қосылды. Осылайша, портал сауда рәсімдерінің бизнес өкілдеріне қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
-
Қазақстанда жыл басынан бері 9,5 мың интернет-алаяқтық анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда жыл басынан бері 9,5 мың интернет-алаяқтық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
-
Жоғалған сәби және екі ұялы телефон табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Демалыс күндері Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің сарбаздары жоғалған бала мен екі ұялы телефонды тауып, туыстарына қайтарды.
-
«Нұр-Сұлтан жастардың қаласы». Елорданың қай жері көрікті?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Астана күні жалпыхалықтық мейрамға айналды. Мерекені еліміздің әрбір өңірі ерекше атап өтеді.
-
Қорғаныс министрі Жаркент гарнизонында болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жетісу облысына жұмыс сапары барысында қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Жаркент қаласында орналасқан бөлімшелердің жай-күйін тексерді.
-
Сабырхан Махмұт та Елорда кубогының чемпионы атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласында бокстан өтіп жатқан халықаралық Елорда кубогында жерлесіміз Сабырхан Махмұт чемпион атанды.
-
Бибосынов кубалық боксшыны жеңіп, Елорда кубогының чемпионы атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бокстан Елорда кубогының финалында 50 келі салмақта отандасымыз Сәкен Бибосынов кубалық боксшымен жұдырықтасты.
-
Президент Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады.
-
Теміртас Жүсіпов Елорда кубогының чемпионы атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бокстан Елорда турнирінің финалында 46 кг өнер көрсеткен Теміртас Жүсіпов өзбек боксшысын ұтты.
-
Вакцина салдырғандар саны артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы деректері бойынша, 3 шілдеде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 9 526 717 адам салдырды.
-
Қабанбай ауылында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орталық ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ақмола облысына қарасты Қабанбай ауылында инклюзивті фитнес орталығы ашылды. Ауылды мекендегі инклюзивті фитнес орталығының негізін қалаушы - Динара Наумова.
-
Смайылов Ресейдің ірі компанияларының басшыларымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екатеринбург қаласына жұмыс сапарымен барған ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов ресейлік ірі компаниялардың басшыларымен кездесті.
-
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан бойынша 2022 жылғы 05-07 шілдедегі ауа райы болжамы туралы ақпарат жарияланды.
-
Денсаулық сақтау саласындағы бастамаларға 30 шағын грант бөлінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда «Birgemiz: Saulyq» жалпыұлттық жобасының аясында бөлінген шағын гранттар конкурсының жеңімпаздары анықталды.
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев телефон арқылы сөйлесу барысында екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.
-
Азық-түлік бағасы қашан тұрақталады? Тоғжанов жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов еліміздегі азық-түлік бағасының күрт өсуі қашан тұрақталатынын айтты.
-
30 мың шақырым жолға арнайы белгілер орнатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақавтожол ЖШС мамандары жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды іске асыру жоспары барысында биылғы жылғы күздің соңына дейін 30 мың шақырымнан астам жолға арнайы жол белгілерін орнатпақ.
-
Елордада тыйым салынған аймақта суға түскен оқушы көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада тыйым салынған аймақта суға түскен 16 жастағы жасөспірім көз жұмды.
-
ҚМА «AsiaCredit Bank» қатысты тергеу жүргізіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаржылық мониторинг агенттігі «AsiaCredit Bank» қатысты БАҚ-тан келіп түскен сауалдарға жауап ретінде келесіні хабарлады.
-
Алматыда сауда үйінің біріне жарылғыш зат қойылғаны хабарланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда жарылғыш зат қойылды деген хабарламадан соң MOSKVA Metropolitan ОСО-ның жұмысшылары мен келушілері қауіпсіз жерге шығарылды.
-
Қазақстандық оқушылар халықаралық жарыста рекорд орнатты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық оқушылар Ұлыбританияда өткен робототехникадан халықаралық жарыстарда жеңіске жетіп, рекорд орнатты.
-
Бетперде тағуды бастауымыз қажет - Тоғжанов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Пандемияның жаңа толқынына дайынбыз.
-
Британияда ауруханалар коронавирусқа дайындалып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбританияда ауруханалар коронавирусқа дайындалып жатыр. Елде соңғы уақытта вирус қайта өршіді.
-
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президентке Мәжілістің VII шақырылымының екінші сессиясында атқарылған заң шығару жұмыстары туралы мәлімет берілді.
-
Павлодар облысында 4 мыңнан астам адам абаттандыру ережесін бұзған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 9-қабаттан су төккен павлодарлық жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Жол қауіпсіздігі. Жыл басынан бері 70-тен астам бала қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингінде айтты.
-
6 айда жол апатынан мыңға жуық адам қайтыс болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингінде айтты.
-
Жыл басынан бері 7,4 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 7 415 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 95,3 мың этникалық қазақ оралды.
-
ІІМ есірткімен айналысқан үш ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Есірткіге қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингінде айтты.
-
Жол апатынан жыл сайын 2 мыңнан астам адам қаза табады – ІІМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингінде белгілі болды.
-
Жасөспірімдерде өмірдің құндылығы туралы түсінік жоқ – психолог
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жасөспірімдер суицидінің алдын алудағы қиындық ата-аналардың мектептерде медициналық және психологиялық көмектен бас тартуынан да туындап отыр.
-
Сот 322 шетелдікті елден шығарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингінде белгілі болды.
-
Балаларды тасымалдау қызметінде құқықбұзушылық анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас прокуратура білім беру мекемелерінің балаларды тасымалдау қызметтерін ұсыну сапасы мен қауіпсіздігін талдау аясында көптеген бұзушылықтарды анықтады.
-
+ 38 градус. Алматы облысында ескерту жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылғы 3 шілдедегі дауылды ескертуінің негізінде 4 шілде күні Алматы облысында 35-38 градусқа дейінгі қатты ыстық күтіледі.
-
Смайлов Ресей премьер-министрі Мишустинмен келіссөздер жүргізеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен келіссөздер жүргізеді.
-
Қазақстан Иран кәсіпкерлері мен туристері үшін 14 күнге визасыз режимді іске қосты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда «Атакент» көрме орталығында Иран Ислам Республикасының «Иранда жасалған» көрмесі өтті. Көрме қазақстандық кәсіпкерлерге арналған.
-
Германия Украинаға қауіпсіздік кепілдігін беруді талқылап жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинаға қауіпсіздік кепілдігін беру жағы жіті талқыланып жатыр. Германия канцлері Олаф Шольц жергілікті телеарналардың біріне берген сұхбатында осылай деді.
-
Қытайда ең жоғары деңгейлі төтенше жағдай жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚХР-дың Су шаруашылығы министрлігі мен Метеорология басқармасы елдің оңтүстігіндегі таулы өлкеде сел жүру қаупі туындауына байланысты қызыл деңгейлі төтенше жағдай жариялады.
-
Қарағандылық курсант гір көтеруден әлем чемпионы атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1-4 шілде аралығында Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында 16 және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында гір тасын көтеруден Әлем чемпионаты өтіп жатыр.
-
ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясында Арал теңізінің проблемалары талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бирмингем қаласында (Ұлыбритания) Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы Парламенттік Ассамблеясының жазғы сессиясы өз жұмысын бастады.
-
Өткен тәулікте 158 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК елімізде ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2022 жылғы 3 шілдедегі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.
-
Еуропада маймыл шешегі ауруын жұқтырғандар үш есеге өскен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кейінгі екі аптада Еуропа аймағында маймыл шешегін жұқтырғандар саны үш есе артып, 4,5 мыңнан асты.
-
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады.
Наверх