Вакцина салдырғандар саны артты

4 Шілде 2022, 14:21
1438
Бөлісу:
Вакцина салдырғандар саны артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы деректері бойынша, 3 шілдеде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 9 526 717 адам салдырды.

Екпенің 2-ші компонентін 9 311 459 адам салдырды.

Сондай-ақ «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 1 224 519 адам, ал ІІ-ші дозасын 1 154 127 адам салдырды.

Жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау бойынша ақпарат.

 2022 жылғы 3 шілдеде «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 1 224 519 адам, ІІ-ші дозасын 1 154 127 адам салдырды. 

Оның ішінде: І-ші компонентімен Жасөспірімдер – 867 514, Жүкті әйелдер – 41 219, Бала емізетін әйелдер – 144 878. 

ІІ-ші компанентімен жасөспірімдер – 841 538, жүкті әйелдер – 38 422, бала емізетін әйелдер – 138 270.

Өзгелердің жаңалығы