Айғайлап жатқан сіз ғой. «Арт спорт» жайында жиналысқа келген ата-аналар Абаевқа сөз бермеді

4 Шілде 2022, 16:47
4678
Бөлісу:
Айғайлап жатқан сіз ғой. «Арт спорт» жайында жиналысқа келген ата-аналар Абаевқа сөз бермеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Арт спорт» белсенділері  Мәденеит және спорт министрі Дәурен Абаевпен кездесті. 

Кездесуге қатысқан ата-аналар өздерінің наразылықтарын білдірді. 

Мен ата-анамын. Осы уақытқа дейін, үш жылдың ішінде Есіл әкімдігінің есігін тоздырдым. Фейсбукке де пост жазамын. Балаларым тек дзюдоға барып жүр. Ваучерді жауап тастасаңыздар, қайдан барады?, - деді күйінген ана. 

Министр Абаев оған сұрақ қойғысы келіп еді. 

Тоқтаңыз, балаңыз барып жүр ме? Мен сұрақ қойып отырмын ғой. Айғайлап жатқан сіз ғой. Үш балаңыз бар ма? Сіздің не деп жатқаныңызды түсіну үшін сұрайық қойып алайын. Мен конструктивтілік үшін келдім. Айқай-шу шығарудың қажеті жоқ. Бір сұраққа жауап беріңіз, - деді Абаев.

Ашуланған ата-ана министрге сөз бермеді.

Менің соңына дейін тыңдамай, бөліп отырсыз. Мен осы уақытқа дейін қанша шырылдадым. 3 жылдан бері үйірме тегін тауып берген жоқ. Мектепте де тегін жоқ. Binom мектебіне ауысқан кезде де тегін үйірме жоқ деді. «Артспортқа» менің баламды тіркеңіздер деп жазып кеттім. Олар ұмытып кеттік деді. Мен өзім үйдің қасынан сұрап алып, екі баламды жібердім. Қалғандары үйде отыр. Менің 7 балам бар. Баланы өмірге әкелгеннен кейін әрбір ана баласының сауатты, мәдениетті болғанын қалайды. Оның жағдайын жасау- Үкіметтің міндеті. Сіздер сол жағдайды жасамай отырсыздар. Үш жылдан бері жеткізе алмай келе жатырмын, - деді ол. 

Ата-ана «Артспортты» барлық ел бойынша енгізу керегін айтты. 

Қаншама бала адам болатын еді. Қанша тұлғалық қасиеттерді дамытатын еді балалар. Психолог іздегенше баланы дамытатын үйірмелер ашу керек, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы