Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда жарылғыш зат қойылды деген хабарламадан соң MOSKVA Metropolitan ОСО-ның жұмысшылары мен келушілері қауіпсіз жерге шығарылды.
Қалалық ПД-нің мәліметінше, жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама 4 шілде сағат 10:04 кезінде келіп түскен.
Іс-қимыл алгоритміне сәйкес алдымен сауда үйіндегі жұмысшылар мен келушілер қауіпсіз жерге шығарылды. Жол полициясы жасақтары сол нысанға іргелес жатқан жолдан көліктерді шығару жұмыстарын жүргізді,-делінген Алматы ПД баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
ПД-ті сауда үйін тексеру аяқталғанын және жарылғыш зат қойылды деген ақпарат жалған болып шыққанын жеткізді.